7-9 сынып оқушылары үшін «Ғылым бастауында» ЖМН пәндері бойынша облыстық командалық олимпиаданың аудандық кезеңін өткізу туралы ақпарат

28 қазанда «№3 Бескөл орта мектебі» КММ базасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 7 — 9 сынып оқушыларына арналған «Ғылым бастауында» облыстық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылығын дамыту үшін оларды анықтау және қолдау көрсету.

Олимпиадаға 14 мектептен 16 команда қатысты. Мектеп ұжымы 5 оқушыдан тұрды: 7 сынып — 1 оқушы, 8 сынып — 2 оқушы, 9 сынып — 2 оқушы) Олимпиада 2 турда өткізілді:

1 тур — теориялық 30 сұрақтан тұрды (10 сұрақз — биология, 10 сұрақ — химия, 10 сұрақ — математика);

2 тур — командалық (біріктірілген тапсырмаларды командалық орындау).

Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған команда облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын болады.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі грамоталармен марапатталды.

31.10.2022
Қараулар: 747
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет