8 сынып оқушыларына арналған "IQanat" республикалық олимпиадасының аудандық кезеңін өткізу туралы ақпарат

2023 жылғы 9 қарашада "№2 Бескөл ОМ" базасында 8 сынып оқушыларына арналған "IQanat" республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиаданы "IQanat "білім беру қоры" қоғамдық қоры өткізеді. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, оқушылардың жалпы білім беретін пәндерді оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру болып табылады. Олимпиада ауыл мектептерінің 8-сынып оқушыларына логикалық ойлау, сыни ойлау, математикалық сауаттылық, қазақ тілі бойынша өткізілді. Олимпиадаға 30 мектептен 195 оқушы қатысты. Олимпиада бағдарламасына мотивациялық тренинг, олимпиада жазу кірді.

Олимпиадаға олимпиаданың облыстық үйлестірушісі Есенеева Айсұлу Бекенқызы, Аламни: Анафьянов Алишер, Игасан Томирис және Норкина София, Садриев Жансар, Колмаков Максим, Сейтқасымова Дариға, Ахмадиева Маржан, Мұхамедов Таир еріктілері қатысып, олимпиада басталар алдында мотивациялық тренинг өткізді.

03.11.2023
Қараулар: 287
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет