8 сынып оқушыларына арналған «IQanat» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңін өткізу туралы ақпарат

2022 жылғы 9 қарашада «Парасат» м-л» базасында 8 сынып оқушыларына арналған «IQanat» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиаданы «IQanat»білім беру қоры» қоғамдық қоры өткізеді. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, оқушылардың жалпы білім беретін пәндерді оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру болып табылады. Олимпиада ауыл мектептерінің 8-сынып оқушыларына логика, кеңістіктік ойлау, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы бойынша өткізілді. Олимпиадаға 22 мектептен 140 оқушы қатысты. Олимпиада бағдарламасына олимпиаданың ашылу салтанаты, мотивациялық тренинг, олимпиада жазу кірді.

Олимпиадада «IQanat» білім беру қорының жоба менеджері Аубакирова Кундыз Манарбековна, олимпиаданың облыстық үйлестірушісі Есенеева Айсулу Бекеновна, түлектер мен еріктілер Казиева Диана, Кожакова Карина, Норкина София, Садриев Жансар қатысып олимпиада басталар алдында мотивациялық тренинг өткізілді.

Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Туребекова Менсулу Манаповна құттықтау сөз сөйледі.

Республикалық олимпиада жүлдегерін дайындағаны үшін «IQanat» қайырымдылық қорының Алғыс хатымен «Бескөл мектеп-Колледжі» ЖШС физика пәнінің мұғалімі Волошин Василий Владимирович марапатталды.

 

10.11.2022
Қараулар: 579
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет