«Республикалық балалар оқулары» байқауының аудандық кезеңін өткізу туралы ақпарат

2023 жылдың 20 қыркүйек күні Қызылжар ауданының білім беру ұйымдарының 8, 9, 10-сыныптарының арасында «Республикалық балалар оқулары» байқауының I кезеңі «Парасат» мектеп-лицейінде ұйымдастырылды. Байқауға барлығы 21 оқушы қатысты.

Байқаудың мақсаты: балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміздің әдебиеті мен жазушылар шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.

Оқушылар байқауға «Әдебиет порталы» интернет-жобасында жарияланған отандық және шетелдік әдеби кітаптар тізімі бойынша дайындалды.

8-сынып оқушылары – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптары (Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» тарихи туындысының І кітабы және Джек Лондонның «Теңіз қорқауы» романы), 9-сынып оқушылары – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптары (Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы және Роберт Льюис Стивенсонның «Қазына аралы» романы), 10-сынып – «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптары (Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер 2. Жанталас» романы және Фенимор Купердің «Могиканның соңғы тұяғы» романы) бойынша тапсырмаларды орындады.

Байқау екі кезеңнен ұйымдастырылды. Бірінші кезеңде оқушылар 60 сұрақтан құралған тест тапсырмаларына жауап берсе, екінші кезеңде берілген төрт тақырып бойынша эссе жұмысын жазды.

Аудандық қорытынды бойынша жеңімпаз оқушылар 2023 жылдың 20 қазанға дейін өтетін облыстық кезеңге қатысады. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

20.09.2023
Қараулар: 280
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет