Облыстық «Дауылпаз баба - Қожаберген» байқауының аудандық кезеңі

2024 жылы 17 қаңтар күні «№3 Бескөл орта мектебі» кешенінде жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылар арасында ұйымдастырылған «Дауылпаз баба- Қожаберген» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.

Мақсаттары:

  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлтымен қайта қауышқан баһадүр бабамыз- Қожаберген Толыбайұлын өскелең ұрпаққа таныту;
  • талапты, талантты оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру;
  • тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау,өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету;
  • оқушының шығармашылық әлеуетін дамыту;
  • Байқау 5 номинацияны қамтыды. Байқауға 13 мектептен 26 оқушы қатысып, қатысқан оқушыларға аудандық дипломдар мен сертификаттар табысталды.

Барлық жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!

17.01.2024
Қараулар: 282
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет