Ақпарат

08.12.2022 жылы аудандық кітапханада нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу мақсатында «Өзгенің қателігінен сабақ ал» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар пробация қызметінің қызметкерлері, «Демеу» орталығының психологы Баймухаметова Р.С. және «Демеу» еріктілер қозғалысының жетекшісі, «Демеу» балалық шақ мәселелерін үйлестіру орталығы» ЖҰУ директорының орынбасары Дулатов Э.Б.
Резеда Сәлімжанқызы жастардың есірткіге, ішімдікке, темекіге, құмар ойындарға деген жеңіл-желпі көзқарасының ауыр зардаптарын түсіндірді.
Дөңгелек үстел қатысушыларына Эмир Болатұлы кез келген «құмарлық» адам тәуелділік жағдайында болғандықтан өз іс-әрекеті үшін жауап бере алмайтын салдарға әкелетінін түсіндірді.
Әрбір сау адам өзінің мінез-құлқы мен іс-әрекетін саналы және мақсатты түрде бақылап, реттеп отыруы керек. Бұл ерік деп аталады.
Талқылауға аудан орталығындағы мектеп оқушылары белсене қатысып, көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды.
Шараны қорытындылай келе, ұйымдастырушылар мұндай кездесулерді өткізудің тиімділігіне тоқталып, барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыстарын білдірді.
09.12.2022
Қараулар: 464
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет