Ақпарат

01.12.2022 ж. - Аудандық кітапханада "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" жаһандық науқаны аясында Қызылжар ауданының ата-аналар жұртшылығы үшін әйелдерге қатысты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша коучинг-тренинг өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрғалиева Алма Амангелдіқызы, СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Семидоцских Елена Александровна және Қазақстан халқы Ассамблеясы филиалының медиация кабинетінің меңгерушісі Мұсабаева Гүлбахша Нұрмұқанқызы қатысып, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, балаларға қатыгездіктің алдын алу, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін сезіну, отбасында мейірімді және ашық атмосфера құру туралы әңгімеледі.

Соңында қатысушылар бұл тренингтің пайдалы және өзекті екенін атап өтті.

01.12.2022
Қараулар: 505
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет