Құрметті біздің тәрбиеленушілер, білім алушылар!

Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын!

Балалық шақты қорғау және баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың ең маңызды және басым бағыттарының бірі болып табылады. Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу әрбір жас қазақстандықтың әл-ауқатына мемлекеттік назар мен қамқорлықтың басымдығын, Қазақстанның БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы халықаралық конвенциясының ережелерін практикада жүзеге асыруға ұмтылысын растау болып табылады.

Жазғы уақытта ауданымызда балаларға арналған бірқатар іс-шаралар өткізіледі:

- «Бақытты бала-бақытты ел» республикалық акциясы атты бірқатар тақырыптық іс-шараларды қамтиды;

- 1-10 сынып оқушыларының 98%-ы үшін жазғы демалыстың әртүрлі түрлері (5800 адам);

- мектеп жанындағы алаңдар, шатыр лагерлері, қосымша білім беру ұйымдарының үйірмелері. Жалпы оқыту қаражаты есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарынан 200 баланы сауықтыру демалысымен, демеушілік көмек есебінен 100 баланы қамту жоспарлануда.

Бақытты, дені сау және қауіпсіз балалық шақ үшін жағдай жасау-барлық білім беру ұйымдары үшін басым міндет.

Елімізде бақытты балалар неғұрлым көп болса, шаңырағымыздың астында да бақытты балалық шақтың боларына сенімдімін.

Әбдірахманов А. Е., Қызылжар ауданының білім бөлімінің басшысы

01.06.2021
Қараулар: 731
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет