Балалық шақ аймағы

2019 жылдың 1 маусымында Бескөл ауылынының саябағында Балалар күнiн мерекелеуге арналған «Балалық шақ аймағы» фестивалi өттi.

Аудан мектептерi мен «Мерей» өнер мектебiнiң оқушылар ұжымы оркестрлер шеруiнде өздерiнiң ең таңдаулы деген нөмiрлерiмен өнер көрсеттi.

Салтанатты мерекелiк iс-шара Фестивалi «Нұрлы болашақ» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Аудан мектептерi мен «Мерей» өнер мектебiнiң оқушылары өздерiнiң вокалдық-хореографиялық шеберлiктерiн көрсеттi.

Сондай-ақ, барлық қатысушылар үлкен қызығушылықпен асфальтта сурет салу мен спорттық ойындарға, туристiк соқпақ, музыкалық калейдоскопе, шебер-сыныптарының жұмысына белсене қатысты.

Балалардың басты назары әскери-патриоттық алаңдаға ауды, өткенi онда әрбiр қалаған адамға бейнебақылау құралдар мен кинологтың иттермен жұмыс iстеуi көрсетiлдi.

Мерекеге қатысқан барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берiлдi.

Мереке аяқталғаннан кейiн кешке дейiн саябақта мультфильмдер көру мен караокелер ұйымдастырылды. Әсiресе балалар мультфильмдердi көрiп риза болып қайтты!

Осындай iс-шаралар барлық 43 бiлiм беру мекемесiнде өттi.

Бiз балаларға тамаша жазғы демалыс тiлеймiз!

Балалық шақ аймағы

01.06.2019
Қараулар: 1092
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет