Аудандық семинар

2019 жылы 4 қаңтар күнi №2 Бескөл орта мектебiнде ағылшын тiлi мұғалiмдерiнiң семинары өткiзiлдi. Жалпы аудандық мұғалiмдердiң қатысқандар саны 31-iн қамтыды.

Семинар барысында жаңа бiлiм беру мазмұнын жаңарту аясындағы мәселелерi, ТЖБ және БЖБ бағалау критерийлерi, ҰБТ және бiлiм сапалары жөнiнде ағылшын тiлi мұғалiмдерi өздерiнiң тәжiрибелерiмен алмасып, пән бойынша оқыту сапасын арттыруға арналған мүмкiндiктерiн талқылады.

Аудандық бiлiм бөлiмiнiң әдiскерi Байгужинова А.И. ағылшын тiлi пәнi бойынша 1, 2 тоқсан бiлiм сапалары туралы сөз еттi.

Сонымен қатар Рассвет орта мектебiнiң ағылшын тiлi мұғалiмi Р.Н. Наумова, Петерфельд орта мектебiнiң мұғалiмi Г.А. Нұрқанова, Кондратовка орта мектебiнiң ағылшын тiлi мұғалiмi Г.Қ. Бекқұлова және жаратылыстану-математикалық бағытындағы ағылшын тiлiнде оқытылатын химия пәнiнiң мұғалiмi А.С. Хамитхожаева, «Парасат» мектеп лицейiнiң мұғалiмi Ж.С. Киркенова қатысушыларға өздерiнiң шеберлiк-сыныптарын, тәжiрибелерiн ұсынды.

Семинар қорытынды кезеңiнде ұсыныстар әзiрлендi. Жалпы семинар сапалы, өте жақсы деңгейде өттi.

Аудандық семинарАудандық семинарАудандық семинарАудандық семинарАудандық семинар

04.01.2019
Қараулар: 877
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет