Әр баланың құқығы бар - Каждый ребенок имеет право

1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы №836 (IX) қарар қабылдады және барлық елдерге 20 қарашада бүкіл әлемде атап өтілетін Дүниежүзілік балалар күні ретінде мерекелеуге кеңес берді.

20 қараша күні кездейсоқ таңдалмады: 1959 жылы осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы «Балаларға бақытты балалық шақты қамтамасыз ету»мақсатымен Бала құқықтары туралы Декларация қабылдады.

Мереке тиісті заңнамалық және басқа шараларды жүзеге асыра отырып барлық азаматтарды балалардың құқықтарын сақтауға шақырады.

Қазақстан Республикасы 1994 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады.

«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндігін өткізу аясында, 2022 жылғы 10-20 қараша аралығында Қызылжар ауданының мектептерінде «Құқығым бар» эссе байқауы, «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» және «Түнгі қаладағы балалар»республикалық акциясы сияқты бірқатар іс-шаралар өткізілді.

ҚР АМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің мектептегі балалар өкілдері балалардың құқықтары туралы конвенцияның баптарын түсіндіре отырып, әлеуметтік желілер беттерінде мектептің жарқын жобалары, жеке жетістіктері туралы бейнероликтер орналастырып «Балалық шақты бірге қорғайық» республикалық челленджіне қатысты.

Білім бөлімімен «Әр баланың құқығы бар - Каждый ребенок имеет право» атты аудандық сурет байқауын өткізді. Байқау қорытындысы кестеде көрсетілген.

Мектеп

Баланың АЖ

сынып

орын

1

Долматово негізгі мектебі

Редькин Дмитрий

1

I

2

Пресновка орта мектебі

Черемухина Ульяна

7

I

3

Боголюбово орта мектебі

Cушкова Вероника

1

II

4

Асаново орта мектебі

Дедкова Надежда

6

II

5

Совхоз орта мектебі

Кашапова Ясмин

2

III

6

Бугровое орта мектебі

Калашников Дмитрий

8

III

7

Озерное орта мектебі

Жазит Арайлым

1 «а»

сертификат

8

Сивково орта мектебі

Арутюнян Анна

2

сертификат

9

Березовка негізгі мектебі

Мавров Данил

3

сертификат

10

Рассвет орта мектебі

Золотарева Елена

7

сертификат

11

Соколовка орта мектебі

Иванова Ангелина

7 «а»

сертификат

12

Архангелка орта мектебі

   Мейрам Досымжан

8 «а»

сертификат

Сонымен қатар, осы онкүндік аясында «Бескөл мектеп-колледжі»ЖШС 6 сынып оқушысы Сиразетдинов Тимур «Өмір ағашы.Менің отбасымның тарихы» республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысып, құрметті 3 орынға ие болды!

«Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС 2 б сыныптың ата-аналар комитеті «Жылдың үздік ата-аналар/қамқоршылар кеңесі» Республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды, бұл оларға республикалық кезеңге қатысуға жолдама берді. Оларға байқауда жеңіс тілейміз!

20.11.2022
Қараулар: 380
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет