Ақпарат

Тәуелсіздіктің қастерлі ұғымын жастарымыздың жете түсінуі үшін іс-шаралар өткізілуде. Тәрбиелік іс-шара Новокаменка орта мектебінде «Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз» атты аудандық тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында №3 Бескөл орта мектебінің мұғалімі Ташенова Әсемгүл Даулетқызы Новокаменка орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сұлтанов Мусирман «Тәуелсіздігіміз ең басты құндылығымыз» атты тақырыпта баяндама жасады, «Парасат» мектеп-лицейінің жас тарихшысы Нұрқожа Досжан «Азаттық таңын аңсаған Алаш қайраткерлері» слайдының тұсаукесерін өткізді.

«Желтоқсан жаңғырығы — Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жергілікті жазушы «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Жақсыбай Самраттың желтоқсан қозғалысына арналған «Бітеу жара» атты кітабының баспадан шыққаны айтылды.

Новокаменка орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Танабаева Гаухар Умирзаковнаның жетекшілігімен «Тәуелсіздік бастауы Желтоқсан» тақырыбында 9-11сынып оқушылары сахналық қойылым ұйымдастырып, іс -шара соңында «Парасат» мектеп лицейінің 6-сынып оқушысы Нурлан Балауса, Новокаменка орта мектебінің 10 — сынып оқушысы Агай Маргарита, 5-сыныптың оқушылары Қалбай Ақнұр мен Мухимтай Төлеби  «Желбірей бер Тәуелсіздік байрағым» атты өлеңді  мәнерлеп оқыды. Мерекелік іс- шара соңында  белсене қатысқан ұстаздар  мен оқушылар аудандық білім бөлім басшыларының атынан Алғыс хаттармен марапаталып, Новокаменка орта мектебінің әкімшілігіне алғыс айтылды.

 
14.12.2022
Қараулар: 399
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет