Үздіктерді анықтаған сайыс

Желтоқсанның он төртінші жұлдызында Бескөл орта мектеп-гимназия кешенінде мұғалімдер арасында аудандық Абай оқулары өтті.

Ұлы данамыз Абай атамызға арналған сайысымыз «Ұлы Дала елі — Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты жұлдызды 25 күн акциясы аясында ұйымдастырылды. Ауданымыздың 10 мектеп арасында (Бескөл орта мектеп-гимназия, Байтерек орта мектебі, «Парасат» мектеп-лицейі, №2 Бескөл орта мектебі, Белое орта мектебі, Архангельское орта мектебі, Глубокое негізгі мектебі, Петерфельд орта мектебі, Озерное орта мектебі, Соколовка орта мектебі) 29 мектеп ұстаздары қатысты. Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Нина Петровна Маслова Қазақстан Респубикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен барлық ұстаздарды құттықтады.

Абай оқулары үш номинация бойынша жүргізілді. Дәлірек айтар болсақ, «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» — Абай өлеңдерін жатқа оқу номинациясы бойынша Петерфельд орта мектебінің ұстаздары өз қанжығаларына байлап қайтса, «Көңілім әнді ұғады» ән орындау номинациясы бойынша Белое орта мектебінің әнші ұстаздары биіктен көріне білді. Және де «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты номинацияның бірінші орын жеңімпаздары Бескөл орта мектеп-гимназия мұғалімдері аттанды.

Әділ-қазылар алқасы шешімінің келісімі бойынша, қосымша жалпы мектеп жеңімпаздар анықталды:

Бас жүлде — Бескөл орта мектеп-гимназия

Бірінші орын — №2 Бескөл орта мектебі

Екінші орын — «Парасат» мектеп-лицейі

Үшінші орын — Байтерек орта мектебі

Барлық қатысушы ұстаздарға белсенді түрде қатысқандары үшін арнайы құрмет грамоталар, сертификаттар және де мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен өте тамаша сый-кітаптар табыс етілді. Әдіскер Әсия Искенқызы Байғожинова Қызылжар аудандық білім бөлімінің атынан, өзінің қорытынды сөзінде барлық мектеп ұжымына,қатысушыларға,әділ-қазылар алқасы мүшелері: Бескөл орта мектеп-гимназия директоры Нина Петровна Маслованы, Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы — Орал Сабитұлы Жанатовты, «Қызылжар» газетінің редакторы — Зағипа Махмұтқызы Ахметованы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Қазақстанның білім беру саласы дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты,барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Тәуелсіздіктің тал тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешуіңізге тілектеспіз! атты өз ризашылықтарын білдірді.

20.12.2016
Қараулар: 39
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет