Қызылжар ауданы физика пәні мұғалімдерінің семинары

2016 жыл 14 желтоқсан күні Бескөл орта мектеп-гимназиясында физика мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Жиын «Заманауи білім беру үрдісінде дарынды балаларды физика пәніне оқытуды ұйымдастыру»(Организация работы с одаренными детьми в процессе обучения физике в современном образовательном процессе) тақырыбына арналды. Оған барлығы 30 шақты ұстаз қатысты.

Білім беру кезінде дарынды балалармен жұмыс істеудің қыр-сыры туралы әдіскер А.К. Асылтаева айтып берді. Сонымен қатар, қазылар алқасы 8-9 желтоқсн күні өткен аудандық олимпиаданың қорытындысын шығарып, физикадан облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын оқушыларды таныстырды.

Семинардың практикалық бөлімінде екі ашық сабақ ұсынылды. Біріншісі, 8 сынып оқушыларына арналған «Электризация тел. Закон сохранения электрического заряда. Проводники и диэлектрики» тақырыбы бойынша Бескөл орта мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі В.В. Волошин өз тәжірибесімен бөлісті. Одан Бескөл орта мектеп-гимназиясының тағы бір физигі К.С. Мартынов кейін, 9 сынып оқушыларына арналған «Колебательное движение. Основные величины, характеризующие колебательное движение» тақырыбындағы ашық сабағын таныстырды.

Семинарға қатысушылар Lego EV3 роботтарын қолдану мүмкіндіктері, Веб-квест технологиясын қолдану арқылы физика сабағында оқушылардың ақпараттану құзыретін арттыру мәселелерін кеңінен талқыға салды.

Физика пәнінен облыстық олимпиадада аудан атынан қатысатын оқушылар: 

Аты-жөні сыныбы Оқутілі мектеп орын Мұғалімніңаты-жөні
1 Сыздыков Райымбек 9 Орысша Петерфельд ОМ 1 Быкова М.А.
2 Мендыбаев Алмас   10 орысша Бескөл орта мектеп-гимназиясы 1 Волошин В.В.  
3 Турымбетов Бекжан 11 қазақша   Новокаменка ОМ 1 Максутулы Асхат  
14.12.2016
Қараулар: 43
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет