Аудандық аналар мен әкелер кеңесінің біріккен отырысы туралы ақпарат

2 желтоқсан күні №2 Бескөл орта мектебінде аудандағы аналар мен әкелер кеңесінің біріккен отрысы өтті. Оған әрбір ауылдық округтерден жиналған қоғамда белсенді ата-аналар қатысты.

Отырыстың негізгі мақсаты ата-аналарды бала тәрбиесіне жауапты қарау, және осы тұрғыда кездесетін мәселелерді шешу, осылайша мемлекеттік және қоғамдық білім беру үрдістерін қалыптастыруды көздейді.

Семинарға жиналғандардың алдында мемлекеттік органдарың өкілдері сөз сөйледі. Жұмыспен қамту орталығының маманы Ботагөз Оразбаева әлеуметтік қиын жағдайда тұрған отбасыларға көмек көрсету туралы баяндап берді. Виноградовка ауылдық округінің әкімі Руслан Аюпов заманауи білім беруде мемлекеттік рөлі мен үлесі туралы ақпарат жеткізді. Ал учаскелік инспектор Жасқайрат Қайыржанов аудандағы кәмелетке толмағандардың заңбұзушылық әрекеттерге баруы және оның алдын-алу жағдайымен бөлісті.

Ресми баяндамалардан кейін іс-шараға қатысушылар бала тәрбиесінде кезігентін көптеген проблемаларды ортаға салып, оның шешу жолдарын талқылады. Ең бастысы баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруда басқа әлеуметтік институттармен қатар әрі мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асырып, қалыптастыруда отбасының маңызы зор екенін қатысушылардың басым бөлігі атап өтті. Сондықтан баланың отбасылық тәрбиесі күні бүгінге дейін өте өзекті проблема болып қалып отыр.

Кездесу соңында аналар мен әкелер кеңесінің біріккен отырысы сынды жиындарды жиірек өткізіп отыру туралы тілектер айтылды. Сонымен қатар ата-ана жауапкершілігін кеңінен насихаттау, дәстүрлі рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтардың қадірін нығайтуға қатысты ұсынымдар әзірленді. 

06.12.2016
Қараулар: 47
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет