Критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша ағылшын тілі пән мұғалімдерінің арасындағы семинар-тренинг.

2016 жылдың 22 қараша күнi Озерное орта мектебiнде ағылшын тiлi пәнi мұғалiмдерiнiң «Бiлiм беру мазмұнын жаңарту аясында критериалдық бағалау жүйесiн қолдану» тақырыбы бойынша семинар-тренинг өттi. Семинарға барлығы 22 -ге жуық ағылшын тiлi мұғалiмдерi қатысты.( Бiлiм беру мазмұнын жаңарту аясында 14 мұғалiм өткен болатын).

Бiлiм бөлiмiнiң әдiскерi Байғожинова Ә.Е. бiлiм жүйесiнiң сапасын арттыру мақсатында критериалды бағалауды тиiмдi қолдана бiлу қажет екенiн атап өттi.

Семинар барысында, қатысушыларға Комолкина Т.Б.(Бескөл орта мектеп-гимназия), Шашдаулетова А.А.(Вагулино орта мектебi) , Синяковская И.В. (Озерное орта мектебi) өз iс-тәжiрибелерiмен, критериалды бағалау туралы көптеген ақпараттарымен бөлiстi.Семинарда жаңартылған орта бiлiм берудi енгiзу кезiнде оқушылардың оқу жетiстiгiн критериалды бағалау жүйесi қолданылатынын (қалыптастырушы және жиынтық бағалау), ағылшын тiлi пәнiнiң бағдарламалары бойынша көптеген өзгерiстер енгiзiлгенi туралы айтылды.

Аудан мұғалiмдерi критериалдық бағалау жүйесi туралы көптеген өз пiкiрлерiмен алмасып,оқыту сапасын арттыруға арналған мүмкiндiктердi талқылады.

Ұсыныстар:

 

  1. Ағылшын тiлi сабақтарында критериалдық бағалаудың енгiзiлуiн және қолданылуы қамтамасыз етiлсiн;
  2. Пән мұғалiмдерi өз iс тәжiрибелерiнде әртүрлi тәсiлдер мен бағалау құралдарын қолдану;
  3. Ағылшын тiлi мұғалiмдерiнiң шығармашылық тобына жаңа оқу бағдарламасының жұмысын бiр жүйеге келтiру;
  4. kyzylzharenglish.simplesite.com сайты арқылы мұғалiмдердiң тiркелуiн қамтамасыз етiлуi қадағалансын.

Критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша ағылшын тілі пән мұғалімдерінің арасындағы семинар-тренинг.

 

Байғожинова Ә.Е.
Қызылжар АӘК әдiскерi

22.11.2016
Қараулар: 53
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет