«Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңі

2016 жыл 22 қараша күнi Бескөл орта мектеп-гимназиясының қабырғасында Тұңғыш Президент күнiне арналған «Елiн сүйген, Елi сүйген Елбасы» мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңi өттi.

Аталмыш iс-шараның негiзгi мақсаты мектеп жасына дейiнгi балалардың бойында Отансүйгiштiк қасиеттi дамытып, елiмiздiң тарихы мен Елбасына деген сүйiспеншiлiгiн арттыру болып табылады.

Байқаудың шарты бойынша қатысушылар «Елiн сүйген, Елi сүйген Елбасы» тақырыбына қатысты таңдауларына байланысты қазақ және орыс тiлдерiнде өлең оқып жатқан сәттерiн видеоға түсiрiп жiберу керек болатын. Бұл тапсырманы жетi мектепке дейiнгi ұйым орындап шықты.

Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдеге «Парасат» мектеп-лицейiнiң мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушiсi Гарипова Әсем лайық деп танылды. Ал «Мирас» балабақшасының жоғарғы тобының Жумахметова Аршат бүлдiршiнi бiрiншi орынға ие болды. Екiншi мен үшiншi орындарды сәйкесiнше Бәйтерек орта мектебi мен Бескөл орта мектеп-гимназиясының мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиеленушiлерi Изтаева Аймира мен Сиразетдинов Тимур жеңiп алды.

«Шығармашылық шеберлiк» аталымы «Балапан» балабақшасының жоғарғы тобына, «Мәнерлеп оқу» аталымы Кустовое негiзгi мектебiнiң шағын орталығының тәрбиеленушiсi Четверикова Валерияға бұйырды. Ал №2 Бескөл орта мектебiнiң шағын орталығының тәрбиеленушiсi Вознюк Виктория тақырыпты жақсы аша бiлгендiктерi үшiн марапатталды.

24.11.2016
Қараулар: 62
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет