СҚО білім беру ұйымдарында «Менің елім, менің Қазақстаным» тақырыбы бойынша кітапханалықсабақтар өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар

Заманауи білім берудің негізгі міндеттерінің бірі — рухани — адамгершілікке тәрбиелеу.

Білім беру ұйымдары кітапханаларының алдында ақпараттық дамыған қоғамда ХХІ ғасыр азаматын отансүйгіштікке, азаматтық құндылықтарға тәрбиелеу мәселесі тұр.

Білім беру ұйымдарының тәрбие беру жүйесі барлық педагогикалық үдерісті қамтиды: оқу сабақтары, балалардың сабақтан тыс өмірі, түрлі әлеуметтік қарым-қатынас іс-шаралары т.б.. Кітапхана білім беру мен тәрбиелеудің, үздіксіз білім беруде, ақпарат алу, шығармашылық жұмыс және түрлі ақпарат ағымын тиімді өңдеу орталығына айналып отыр.

«Менің елім, менің Қазақстаным» тақырыбына арналған іс-шараның мақсаты — балалардың бойында туған жеріне, отанына деген қызығушылық сезімін қалыптастыру, туған халқының тарихына, әдет-ғұрпына, сал- дәстүріне көңіл аударту, мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Кітапханашының мақсаты — осы тақырып бойынша мектеп кітапханасында сабақтарды ұйымдастыру. Іс-шаралар барысында халқымыздың мәдени-тарихи ерекшеліктерін және туып өскен өңірлері туралы шығармашылық сабақтарын ұйымдастыру.

Осындай оңтайлы іс-шаралардың бірі — кітапханалық сабақтарды ұйымдастыру. Сабақтың мақсаты балаларды туған дәстүрінің тарихына, отансүйгіштікке, төзімділікке, ұлтаралық татулыққа:

  • Өз отбасының тарихын, отбасылық әдет-ғұрыпты зерттеу;

  • Қазақстанда тұрып жатқан ұлттардың салт-дәстүрлерін зерттеу;

  • Зайырлы, демократиялық ашық қоғамның азаматын тәрбиелеу.

Бүгінгі таңда кітапханалық сабақтарды ұйымдастыру кеңінен тараған, мысалы: интеллектуалды және квест ойындар, шығарманы сахыналау, әдебиеке саяхат, әдеби КВН, библиографиялық турнир т.б.

Кітапханалық сабақтың құрылымы

Сабақтың құрылымы теориялық және практикалық бөлімнен тұрады. Кез келген сабақ белгілі технологиялық жобалауды қажет етеді. Сабақтың әр бөлігі шығармашылықты, егжей-тегжейлі дайындықты, ойластыруда қажет етеді.

Дайындық кезеңі Алдын — ала оқушылардың деңгейін тексеру. Қажетті әдебиетті таңдау және зерделеу, көрнекілік құралдарды дайындау- плакаттар, стендтер, тақырыпқа байланысты кітап көрмесін ресімдеу, цитата дайындау.

Сабақты өткізу Сабақты өткізу технологиясы таңдалған әдіс-тәсілге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Қорытынды оқушылардың сабақтағы жұмысын талдау және жобалау бойынша өз жұмысыңның нәтижесін бағалау.

 


18.11.2016
Қараулар: 45
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет