Үш тұғырлы тіл саясаты жағдайында полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру

«Қазiргi уақытта балаларымыз қазақ тiлiмен қатар орыс және ағылшын тiлдерiн де белсендi меңгеру үшiн жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштiлдiлiк мемлекеттiк деңгейде ынталандырылуы керек. Орыс тiлiне бiз қазақ тiлiне қандай қамқорлықпен қарасақ, сондай қамқорлықпен қарауымыз керек. Орыс тiлiн бiлу — бiздiң ұлтымыздың тарихи артықшылығы екенi баршаға белгiлi. Дәл осы орыс тiлi арқылы қазақстандықтар бiрнеше ғасыр бойы қосымша бiлiм алып, ел iшiнде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтiп келе жатқанын жоққа шығармауға тиiспiз. Бiз ағылшын тiлiн игеруде серпiлiс жасауымыз керек. Қазiргi әлемнiң осы «лингва франкасын» меңгеру бiздiң елiмiздiң әрбiр азаматына өмiрдегi шексiз жаңа мүмкiндiктердi ашады», — деп Елбасы атап өткендей.

19 қараша күнi Озерное орта мектебiнде ағылшын тiлi мұғалiмдерiнiң аудандық семинары өттi. Семинар тақырыбы: «Үш тұғырлы тiл саясаты жағдайында полимәдениеттi тұлғаны қалыптастыру». Семинар жұмысы мемлекеттiк тiлде оқытылатын 5 «А» сыныбында И.В. Синяковская өткiзген ашық сабақтан басталды. Барлық оқушылар сабақта үш тiлде еркiн сөйлеп отырды. Интербелсендi тақтаны пайдалану сабақта түрлi жұмыс формаларын қолдануға мүмкiндiк бердi. Осы мектепте бесiншi сынып оқушылары ағылшын тiлiн бiрiншi жыл үйренiп жүр. Аудандық бiлiм бөлiмiнiң әдiскерi А.Е. Байгужинова жалғыз мұғалiм ғана емес, сонымен қатар оқушылар да үш тiлдi бiлуде өз шеберлiктерiн көрсете алды.

Үш тұғырлы тіл саясаты жағдайында полимәдениетті тұлғаны қалыптастыруҮш тұғырлы тіл саясаты жағдайында полимәдениетті тұлғаны қалыптастыруҮш тұғырлы тіл саясаты жағдайында полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру

Сабақтан кейiн мұғалiмдер талдау жасап, өз пiкiрлер мен тiлектерiн айтты. Глубокое негiзгi мектебiнiң мұғалiмi А.А. Сизоненко «Бағалау» тақырыбына өткiзген коучингi мұғалiмдердi өте қызықтырды. Соколовка және Якорь орта мектептерiнiң мұғалiмдерi Л.Н. Чуракова мен С.В. Букарь ағылшын тiлi сабақтарында үш тұғырлықты қалай қолданып жүргенiн айтып, тәжiрибелерiмен бөлiстi. Кейiн топтық жұмыс ұйымдастырылып, Ж.Б. Киркенова мен Н:А. Лукьянчик жобалық әдiстемесi бойынша тапсырмалар ұсынды. Семинар жұмысының қорытындысы ретiнде БОМГ мұғалiмi А.Б. Құсаинова «Үш тұғырлы тiл саясаты полимәдениеттi тұлғаны дамытудың факторы ретiнде» атты шебер сынып өткiздi.

Үш тұғырлы тіл саясаты жағдайында полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру

Қызылжар АББ әдiскерi
Байғожинова Ә.Е.

23.11.2015
Қараулар: 34
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет