Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшысы лауазымдарына орналасу сайысы туралы жариялау

«Қызылжар аудандық бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi «Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкiмдiгi «Қызылжар аудандық бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi «Совхозное орта мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi директорының бос лауазымына конкурс жариялайды (150707, Қызылжар ауданы, Знаменское с., тел. 871538-2-67-46).

Коммуналдық мемлекеттiк мекеме өзiнiң қызметiнде мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту, мектеп алды дайындық, бастауыш, негiзгi орта және жалпы бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламасын жүзеге асыруға құқылы.

Лауазымға орналасу үшiн кандидатқа қойылатын бiлiктiлiк талаптар:

1) жоғары және жоғары бiлiмнен кейiнгi бiлiмiнiң болуы (педагогикалық немесе бейiнi бойынша);

2) педагогикалық жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем болмауы немесе бiлiм беру ұйымының бейiнiне сәйкес бiлiм беру бiлiм беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем болмауы;

3) бiрiншi немесе жоғары бiлiктiлiк санатының болуы;

4) үш жылдан кем емес педагогикалық салада әкiмшiлiк жұмыс тәжiрибесiнiң болуы немесе бiлiм беру ұйымының бейiнiне сәйкес бiлiм беру бiлiм беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтiлiнiң бес жылдан кем болмауы;

5) облыстық бiлiм басқармасының кандидатура бойынша келiсiмiнiң болуы;

6) сотталмаған болуы тиiс.

Лауазымдық мiндеттерi: Бiлiм беру ұйымының қызметiн оның жарғысына және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес басқарады. Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартын педагогикалық және әдiстемелiк кеңеспен бiрлесе отырып iске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекiтедi. Бекiтiлген учаскедегi балаларды жалпыға мiндеттi оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға мiндеттi оқытумен қамтамасыз етедi. Оқу-тәрбие процесiн ғылыми-әдiстемелiк және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетiлдiредi. Оқу-тәрбие процесiн әдiстемелiк қамтамасыз етудi ұйымдастырады және жетiлдiредi. Қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етедi. Педагогикалық ұйымдар, әдiстемелiк бiрлестiктер, балалар ұйымдары қызметiне ықпал етедi. Бiлiм беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушiлер контингентiн қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушiлердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етедi. Жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушiлердiң заңды құқығы мен мүдделерiн (жеке, мүлiктiк, баспаналық, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды.

Тәрбиеленушiлер мен бiлiм алушыларды асырап бағу үшiн белгiленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етедi. Оқу-тәрбие процесi кезiнде бiлiм алушылардың (тәрбиеленушiлердiң) және бiлiм беру ұйымы қызметкерлерiнiң өмiр қауiпсiздiгi мен денсаулығын сақтауға қажеттi жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргiзедi. Белгiленген заңнама шегiнде бiлiм беру ұйымының мүлкi мен құралдарына басшылық етедi, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуi және жұмсалуы туралы есебiн бередi.

Нормативтiк талаптарға сәйкес есеп жүргiзiп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етедi, iшкi еңбек тәртiбi ережесiн, санитарлық-гигиеналық режимдi, еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгiн сақтау үшiн жауап бередi.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшiлердi iрiктеудi және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердiң штаттық кестесiн, лауазымдық нұсқаулығын бекiтедi, олардың кәсiби шеберлiгiн арттыру үшiн жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестi басқарады. Белгiленген тәртiп бойынша қызметкерлердi аттестаттауды жүргiзедi. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiн өзiнiң құзыретiне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретiнiң аясында жаза белгiлейдi.

Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттiк және басқа да ұйымдарда бiлiм беру ұйымын танытады, қажеттi есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етедi.

Бiлуге мiндеттi: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтiк қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да бiлiм берудi дамытудың бағыттары мен келешегiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi; педагогика мен психология негiздерiн; мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетiстiктерiн; менеджмент негiздерiн, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбектi қорғаудың, техника қауiпсiздiгi және өртке қарсы қорғанудың ережелерi мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды

Лауазымдық еңбекақысы жұмыс өтiлiне байланысты 73 434 теңгеден 90 225 теңгеге дейiн.

Конкурс Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекiтiлген, «Мемлекеттiк орта бiлiм беру мекемелерiнiң басшыларын конкурстық тағайындау қағидалары» негiзiнде өткiзiледi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тiркеу орнын, нақты тұратын жерiн, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтiнiш;

2) нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшiрмесi;

3) нотариалды куәландырылған бiлiм туралы құжат көшiрмесi;

4) нотариалды куәландырылған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

5) бұрынғы жұмыс орны кадр қызметi куәландырған фотомен кадрды есепке алу жөнiндегi жеке парақ;

6) бар жазалар мен көтермелеулердi көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндiрiстiк мiнездеме;

7) нотариалды куәландырылған бар бiлiктiлiк санат немесе ғылыми дәрежесi туралы құжат көшiрмесi;

8) медициналық куәландырудан өтуi туралы құжат;

9) сотты болмағандығы туралы анықтама ұсынуы қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн ұсынылған құжаттардың көшiрмесi нотариальды немесе жұмыс орнының кадрлық қызметiмен расталады.

Аталған құжаттардың бiрiнiң болмауы кандидатты Конкурсқа қатыстырмауға негiз болуы мүмкiн.

Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзiнiң кәсiби жетiстiктерi, бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми зерттеулер, өзiнiң педагогикалық тәжiрибесiн қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректi расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.Комиссия үш жұмыс күнi iшiнде мынаны хабарлайды: бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн конкурс қатысушыларын, оларды кандидат ретiнде бекiтуi туралы, күнi, уақыты және әңгiмелесудiң өтетiн орны туралы.

Комиссия үш жұмыс күнi iшiнде: бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн конкурсқа қатысушыларды кандидат ретiнде бекiту, әңгiмелесу өтетiн күнi, уақыты және орны туралы хабардар етедi.

Конкурса қатысу үшiн қажеттi құжаттар «Қызылжар аудандық бiлiм бөлiмi» ММ www.kzh-roo.sko.kz ресми сайтында, бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде тапсырылуы тиiс.

Конкурс екi кезеңде өткiзiледi:

1) конкурсқа қатысушылардың бiлiктiлiгiн бағалау;

2) әңгiмелесу.

Мына мекен-жайға хабарласыңыз: Қызылжар ауданы, Бескөл а., Молодежная көшесi 2, ұйымдық-кадрлық жұмыс бөлiмi. Анықтама үшiн телефондар: 871538-2-17-79, 2-18-10. E-mail: kyzylzharroo@rambler.ru.

16.10.2015
Қараулар: 45
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет