Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшысы лауазымдарына орналасу сайысы туралы жариялау

«Қызылжар аудандық бiлiм бөлiмi» мемелекеттiк мекемесi «Боз Қарағай орманы» балалар денсаулығын жақсарту лагерi» МКҚК директоры лауазымының бос орнына конкурс жариялайды (150703, Қызылжар ауданы, Большая Малышка селосы, тел. 8-715-38-2-32-72).

Лауазымдық жалақысы еңбек өтiлiне байланысты 73 434 теңгеден 90 225 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Бiлiм қызметiн алу құқығының лицензиясына,ұйымның жарлығы мен басқа да құқықтық- нормативтык актiлерге сәйкес қосымша бiлiм ұйымында басшылық етедi. Мәдени-демалу қызметi, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласындагы әлеуметтiк, қосымша бiлiм, коммуникативтiк қызмет көрсету бойынша құрылымдық бөлiмшелердiң қарым-қатынасы мен жұмысы ұйымдастырады. Жаңаланған әдiстермен басқару негiзiнде жұмысты болжамдайды және жоспарлайды. Шағын аудандардың дамуына әлеуметтiк-педагогиқалық бағдарламаны бекiтедi және өңдеудi ұйымдастырады. Бiлiм беру үрдiсi кезiнде ұйымның жұмысшылары мен оқып жатқан балалардың денсаулықтары мен өмiрлерiне қауiпсiздiк қажеттi шарттарды жарайды, бiлiм берудiң сапасын бақылайды. Педагогиқалық екнестiң жұмысына басшылық етедi.

Бiлiм беру және тәрбие мәселелерi бойынша бiлiм ұйымдарымен өзара тиiмдi серiктестiктi кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, қазiргi замандағы ақпараттық технологияларды дамытады және белсендi қатысады. Мекеменiң құрылымын анықтайды, қосымша бiлiм ұйымының қаржылық-шаруашылық қызметiне басшылық етедi. Оқушылардың контингенттерiн қалыптастырады. Педагогиқалық жұмысшылар мен әдiстемелiк бiрлестiктердiң жұмыстарын үйлестiредi, қоғамдық ұйымдардың қызметтерiне көмектеседi, соның iшiнде балалар ұйымдарына көмектеседi. Оқу-материялдық базаны есептеудi, сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық тәртiп, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы ережелерiн сақтауды қамтамасыз етедi. Педагогиқалық кадрлар мен көмекшi қызметкерлер құрамын орналастырады және таңдау жүргiзедi, олардың кәсiптiк шеберлiктерiн көтеру үшiн жағдай жасайды.

Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Бiлiм ұйымының мүдделерiн мемелекеттiк қоғамдық және басқа да ұйымдарды бiлдiредi, қажеттi есеп берудi дайындауды және тапсыруды қамтамасыз етедi.

Осы лауазымға ұсынылған кандидаттың бiлiктiлiк талаптары:

Жоғары педагогикалық бiлiмi немесе бағдар үйлесiмi бойынша жоғары бiлiмi, бiлiм мекемелерiндегi педагогикалық жұмыс өтiлi 5 жылдан кем емес немесе басшылық лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi.

Бiлуге мiндеттi: ҚР Конституциясын, ҚР «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және бақылаусыздық пен панасыздықтың алдын алу», Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрiнiң 2003 жылғы 25 шiлдедегi №568 бұйрығымен бекiтiлген «Балалардың сауықтыру ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру және ұстау, құрылғысына санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Заңдарын және басқа да бiлiм берудi дамытудың бағыттары мен келешегiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi; мектепке дейiнгi бiлiм ұйымдары жұмысының саласы және оның ерекшелiктерi; жасөспiрiмдiк және жастық кезеңдегi психологияның жас ерекшелiктерi; әртүрлi әлеуметтiк ортадағы психология, социология және специфика жұмысы; жалпы және отбасылық педагогиканың негiздерi; экстремалдық жағдайлардың анықталу әдiстерi; жасөспiрiмдер мен жастар үшiн консультациялар өткiзу кеңестерi; қиын жасөспiрiмдер және жастармен жұмысты ұйымдастыру; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен тәжiрибенiң негiздерiн, экономика негiздерiн, қаржылық-шаруашылық қызметтi; еңбек туралы заңды; еңбектi қорғаудың ережесi мен нормасын; техника қауiпсiздiгi және өртке қарсы қорғануды санитарлық ережелер мен нормаларды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 18 қарашадағы №1353 қаулысымен бекiтiлген «Мемлекеттiк кәсiпорын басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келiсу ережесi» негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттардың тiзiмi:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;
  2. мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде түйiндеме;
  3. еркiн нысанда жазылған өмiрбаян;
  4. бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi;
  5. еңбек кiтапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшiрмесi не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;
  6. денсаулығы туралы белгiленген нысандағы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтiлiне, кәсiби даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми атақтар мен дәрежелер иеленуiн, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшiрмелерiн және т.б.) беруiне болады.

Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген тұлғалардың құжаттарын қабылдау «Қызылжар аудандық бiлiм бөлiмi» ММ www.kzh-roo.sko.kz ресми сайтында, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткiзу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтiзбелiк күн өткен соң аяқталады.

Мына мекенжайға хабарласу: Қызылжар ауданы, Бескөл а., Молодёжная көшесi 2 үй, ұйымдық-кадрлар жұмысы бөлiмi.

Анықтама телефондары: 8-715-38-2-17-79.

11.09.2015
Қараулар: 40
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет