Облыстық Мағжан оқулардың жеңімпаздары

Жақында жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялардың 5-11 сынып оқушылары арасында жылда дәстүрлі түрде өткізілетін Мағжан оқуларының облыстық кезеңі 2015 жылы 12 маусым күні Петропавл қаласындағы №7 орта мектеп кешенінде болып өтті. Оқулар үш бағыт бойынша өткізілді. Аудандық оқулардан жеңімпаз атанған 3 оқушымыз Қызылжар ауданының намысын облыстық кезеңде қорғады. Дәлірек айтар болсақ, «Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім» — Мағжан шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша «Парасат» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Құрметбек Аймөлдір сертификат, «Толқынмен толқын сырласып» — Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу номинациясы бойынша Асаново орта мектебінің 9 сынып оқушысы Серікбаева Дариға III орын, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» жас дарындар номинациясы бойынша «Парасат» мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Мұқанов Жалғас III орынды қанжығасына байлап қайтты. Оқушыларымыздың жолы болып, өз өнерлерімен қазылар алқасының мүшелерін тәнті етіп, жүлделі III орындармен облыстық мақтау грамоталарымен марапатталды. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

А.И. Байғожинова
Қызылжар АББ әдіскері

16.06.2015
Қараулар: 29
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет