Жарқын болашақ» VII республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі

1. Қызылжар ауданы бойынша «Жарқын болашақ» VII республикалық «KATEV» қазақ тiлi олимпиадасының аудандық кезеңi 2015 жылдың 13 ақпанында Бескөл орта мектеп-гимназиясында өткiзiлдi. Жарқын болашақ олимпиадасына оқыту тiлiне қарамастан, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң, гимназиялардың 7-11 сынып оқушылары қатыса алды. «Жарқын болашақ» олимпиадасы 5 конкурсты қамтыды:

«Жарқын болашақ» олимпиадасы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры (бұдан әрi — «KATEV» ХҚҚ) тарапынан жыл сайын өткiзiлетiн олимпиада болып табылады. «Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаттары мен мiндеттерi:

2. «Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаты:

  • мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту;
  • қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңiнен насихаттау;
  • оқушылардың шығармашылық, iзденушiлiк қабiлеттерiн, мәдени дүниетанымын дамыту.

3. «Жарқын болашақ» олимпиадасының негiзгi мiндеттерi:

  • оқушылардың қазақ халқының тiлiне, әдебиетiне, салт-дәстүрлерiне, тарихына және мәдениетiне деген қызығушылығын арттыру және оларды үйренiп бiлуге ынталандыру;
  • тұлғаның өз-өзiн дамытуына және өзiндiк қабiлеттерiн жетiлдiруiне жағдай жасау;
  1. «Тiлшi-әдебиетшiлер» (қазақ тiлi мен әдебиетi) жалпы қатысқан оқушылар саны: 31
  2. «Жас ғалымдар» (ғылыми жоба) жалпы оқушылар саны: 5
  3. «Жазушылар» (жазбаша шығармашылық жұмыс) оқушылар саны: 11
  4. «Сөз шеберлерi» (мәнерлеп оқу) жалпы оқушылар саны: 19
  5. «Әншi бұлбұлдар» (ән айту) жалпы қатысқан оқушылар саны: 10

Барлық қатысқан оқушылар саны: 76

Жалпы аудандық кезеңiнiң жеңiмпаздары:

«Сөз шеберлер» конкурсы бойынша I-орын жеңiмпазы «Парасат» мектеп лицейiнiң 9 сынып оқушысы Мұхамедия Бақыт, «Тiлшi-әдебиетшiлер» конкурсының I орын жеңiмпаздары Пеньково орта мектебiнiң, Новокаменка орта мектебiнiң 10 сынып оқушылары Исатова Нарғыз және Коркина Татьяна, «Әншi-бұлбұлдар» конкурсының жеңiмпаздары 8 сынып оқушылары «Парасат» мектеп-лицейi Әскер Нұрсыйла және Большая Малышка ом Марушкина Виктория, «Жас ғалымдар» конкурсының жеңiмпаздары «Парасат» мектеп-лицейiнiң 9 сынып оқушылары Төлеген Әдiлет және Өтеев Нартай, «Жазушылар» конкурсының I орын жеңiмпаздары Бескөл орта мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Гораев Мирас және Новокаменка орта мектебiнiң 9 сынып оқушысы Қабиев Мейiржан марапатталды. Аудандық кезеңiнiң жеңiмпаз атанған 9 оқушымыз Қызылжар ауданының намысын облыстық кезеңде қорғайды.

А.И. Байғожинова, Қызылжар АББ

Жарқын болашақ» VII республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі
Жарқын болашақ» VII республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі

16.02.2015
Қараулар: 41
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет