«Қызылжар аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Петерфельд орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына (150716, Қызылжар ауданы, Петерфельд а., Школьная к. 3 А, тел. 871538-2-30-17).
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Кустовое негізгі мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына конкурс жариялайды (150713, Қызылжар ауданы, Кустовое с., тел. 871538-5-30-43).
Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзінің қызметінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, мектеп алды дайындық, бастауыш, негізгі орта және жалпы білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын жүзеге асыруға құқылы.
Лауазымға орналасу үшін кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:
- Жоғары немесе ЖОО кейінгі білім(педагогикалық немесе мамандық бойынша);
- Педагогикалық еңбек өтілі бес жылдан кем емес, соның ішінде басшы лауазымында еңбек өтілі бір жылдан кем емес, шағын жиынтықты мектептерге педагогикалық еңбек өтілі үш жылдан кем емес, басшы лауазымында еңбек өтілі маңызды емес;
- бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «шебер-педагог» санатының болуы(мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда);
- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Соттылығының жоқ екені туралы анықтама.
Лауазымдық міндеттері:
Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, баспаналық, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды.
Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза белгілейді.
Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Лауазымдық еңбекақысы жұмыс өтіліне байланысты Совхозная орта мектебінің директоры 115 030 теңгеден 124 985 теңгеге дейін, Кустовое негізгі мектебінің директоры 100 651 теңгеден 118 791 теңгеге дейін.
Конкурс «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2012 жыл 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
- жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
- ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
- біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
- медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;
- соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
- тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
- мектепті дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.
Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты Конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін.
Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.Комиссия үш жұмыс күні ішінде мынаны хабарлайды: біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурс қатысушыларын, оларды кандидат ретінде бекітуі туралы, күні, уақыты және әңгімелесудің өтетін орны туралы.
Комиссия үш жұмыс күні ішінде: біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту, әңгімелесу өтетін күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді.
Конкурса қатысу үшін қажетті құжаттар «Қызылжар аудандық білім бөлімі» КММ www.kzh-roo.sko.kz ресми сайтында, бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.
Конкурс төрт кезеңде өтеді:
- конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
- мектептің қамқоршылық кеңесімен кандидаттарды келісу;
- облыстың білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу;
- білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.
Мына мекен-жайға хабарласыңыз: Қызылжар ауданы, Бескөл а., Молодежная көшесі 2, ұйымдық-кадрлық жұмыс бөлімі. Анықтама үшін телефондар: 871538-2-14-90, 2-18-10. E-mail: kyzylzharroo@rambler.ru.
Қараулар: 1836