2024 жылдың 27 қырқүйек аудан орталығы мектептерінің базасында 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының конкурсы өткізілді. Байқаудың мақсаты - балаларда зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын дамыту және кіші мен орта жастағы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру. Негізгі міндеттер-зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру, қоғамның зияткерлік әлеуетін дамыту проблемаларына қоғамдық назарды аударту.
Жас зерттеушілер жеке және командалық құрамда 12 секцияға қатысты: Қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері, математика және қолданбалы математика, физика, ғарыш, химия және биология; тарих, өлкетану; этномәдениеттану; информатика, робототехника, техника және өнер, медицина, психология, экология; туризм және спорт. 22 білім беру ұйымынан 69 жоба ұсынылды: екі жас тобында: 2-4 сыныптар – 24 жоба, 5-7 сыныптар — 45 жоба.
Бірінші орын алған жеңімпаздар облыстық кезеңге қатысады
Байқау нәтижелері Google сілтемесінде берілген:
https://drive.google.com/drive/folders/1jo_R9ZlsTyuh_3GITefVLJ9StA8vNV1P?usp=sharing