Серіктестік қатынастарды орнату және Қызылжар ауданы мен Омбы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының ұзақ мерзімді тиімді ынтымақтастығын дамыту мақсатында 2023 жылдың қазан айында мектепке дейінгі білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық шарты келісіліп, қол қойылды. Бұл ынтымақтастықтың мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдардың тараптары арасындағы достық байланыстарды дамыту және нығайту, педагогикалық тәжірибені жалпылау және бөлісу, педагогтердің практикалық қызметінде әдістерді қолдану, тәрбие-білім беру процесінде педагогикалық технологияларды одан әрі танымал ету.
Келісім шарт жасалғаннан кейін өткен жылдың қазан айында тараптар арасында алғаш рет Қызылжар ауданы мен Омбы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері арасында онлайн-форматта мастер-класс өткізілді.
Үстіміздегі жылдың 13 наурызында Қызылжар ауданының мектепке дейінгі ұйымдарының базасында «Халықаралық ынтымақтастық бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының WORKSHOP» тақырыбындағы офлайн форматта ұйымдастырылған көптен күткен кездесуге Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілдері педагогика және балалар психологиясы кафедрасының меңгерушісі, доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты Наталья Павловна Мурзина, балалар психологиясы және педагогика кафедрасының оқытушысы, доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты Жанна Николаевна Тельнова, Омбы қаласының балабақша меңгерушілері мен педагогтері келді.
"Педагогикалық идеялар органайзері" кездесу бағдарламасын "Мирас" бөбекжай-балабақшасының өкілдері ашты. Қонақтарды қазақтың ұлттық салт-дәстүрі - "Шашумен" қарсы алды, бөбекжай педагогтері "CrossFit Kids – мектеп жасына дейінгі бала үшін үздік белсенділік", "Ұлттық құндылық – тәрбиенің түпкі қазығы", "Мобильді кітапхана және QR-кодтарды қолдану", "Виммельбух" технологиясы, дамыту орталықтары, балалар аквааэробикасы, модельдеу технологиялары, дәстүрлі емес сурет салу техникасы, сондай-ақ "WORLD SKILLS BALABAQSHA. Шеберлікке бірінші қадам" жұмыстарын ұсынды.
Сондай-ақ, «Әсел» бөбекжай-балабақшасының педагогтері қазақ жарықшақтар бұйымдарын дидактикалық құрал ретінде пайдалану туралы тәжірибелерін көрсетті, ал «Балапан» бөбекжай-балабақшасының педагогтері мектепке дейінгі жастағы балалармен дамытушы ойындар арқылы қолда бар материалдарды пайдалана отырып, артикуляция органдарын жандандырудың және оларды логопедтік практикада қолданудың дәстүрлі емес әдістерімен бөлісті, содан кейін «Ақ бота» бөбекжай-балабақшасының педагогтері пәндік-кеңістікті дамытушы орта туралы өз тәжірибелерімен алмасты.
Келесі бағыт бойынша Новоникольск ауылындағы "Ажар" бөбекжай – балабақшасының бардық. Экскурсия барысында тәрбиешілер әр мектепке дейінгі топтың жұмыс формаларын ұсынды: "Мектеп жасына дейінгі балаларды кешенді дамыту құралы ретіндегі Нейрогимнастика", "Дамытушы ойындарды дидактикалық құрал ретінде пайдалану", "Балалардың сюжеттік-рөлдік ойының дамыту құралы - Көпфункционалды перделер", "Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шығармашылық қабілеттерін дамытудың дәстүрлі емес құралы - «Мөлдір мольберт».
Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін аудандық білім бөлімінің әдіскері Айнұр Шахметқызы Даниярова "Ажар" бөбекжай-балабақшасының педагог-психологы Наталья Владимировна Поповамен бірге педагогтер және келген қонақтармен қорытынды рефлексия өткізді.
..."Қызылжар ауданына шақырғаныңыз үшін көп рахмет! Баяндамашылардың баяндамалары өте қызықты және танымды болды.Өз тәжірбиелерінде қолданған көрнекіліктері балалармен қолдануға болатын әрбір әдісті ашып көрсетеді. Іс-шараның атмосферасы да өте ұнады. Мектепке дейінгі ұйымдар мен білім бөлімі ұжымдарының үйлесімді жұмысын атауға да болады!"- деп ОМУ балалалар психология-педагогика кафедрасының меңгерушісі Мурзинина Наталья Павловна өз әсерімен бөлісті.
Қызылжар ауданының әдістемелік бөлімінің әдіскері А.Ш. Даниярованың бастамасымен Мектепке дейінгі білім беруді дамыту шеңберінде Қызылжар ауданының білім бөлімі мен Омбы қаласының университеті арасында жасалған алғашқы халықаралық шарт.
Ынтымақтастықты одан әрі іске асыру өзінің оң нәтижелерін әкеледі – бұл мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының тәжірибесін байыту, мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік даму деңгейін арттыру, мектеп жасына дейінгі балалардың оң бейімделуі және мектепке дейінгі ұйымдардан мектепке ауыстыруға дамудың тамаша динамикасы.