2024 жылы 28 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО бойынша ПҚ КДИ» филиалы қызметінің педагогтердің курстан кейінгі қызметін үздіксіз бақылау, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету мақсатында Қызылжар аудандық білім бөлімімен бірлескен «Парасат» мектеп-лицейі кешенінде «Шет тілі оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында ағылшын тілінің жас мамандарына арналған облыстық семинар өткізілді.
Іс-шараның өзектілігі – ағылшын тілі мұғалімдерінің тоқсандық, жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеуде кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.
Облыстық семинарға Қызылжар ауданының білім беру ұйымдарындағы ағылшын тілінің жас мамандары қатысты.
Семинар аясында спикерлер Қызылжар аудандық білім бөлімінің әдіскері, Байгужинова А.И., Петропавл қаласынан Нурышева Д.Е., С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясы және Попова А.А., № 5 орта мектебінен, «Парасат» мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сыныптар көрсетті.
Іс-шарада оқыту процесінде тарау және тоқсандық жиынтық бағалауды әзірлеудің ұтымдылығы, БЖБ және ТЖБ әзірлеуде табысты әдістерді қолдану жолдары, ресурстары мен МЖМБС іске асыру жағдайындағы шет тілі сабағының мазмұны мен ерекшеліктері мазмұнындағы ақпараттардың теориялық және тәжірибелік мазмұндары қарастырылды.
Семинар соңында мұғалімдер өз пікірлерін білдіре, практикалық маңыздылығын, пән оқытуда педагогикалық шеберлікті одан әрі жетілдіру, әдістемелік материалдың үлестірмелі материалдарының өзектілігі мен құндылығын атап өтті.
Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, қатысушылардан ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен ағылшын тілі сабақтары аясындағы семинарлардың ұйымдастырылуы туралы сұраныс түсті.