Басты

Бiздiң сайтқа қош келдiңiздер!

Құрметтi келушiлер! Бiздiң бөлiмнiң ресми сайтына қош келдiңiздер.

Бұл сайт — «Электронды үкiмет» идеясын жүзеге асырудың алғашқы қадамы, оның әрбiр келушiсi бөлiмнiң қызметi, бiздiң құрылым, бiздiң жұмысымыздың әдiстерi мен тәсiлдерi туралы, сондай-ақ мектеп оқушылары, абитуриенттер мен ата-аналар барынша пайдалы ақпарат алу мүмкiндiгiне ие.

Өз жұмыс процесiнде бiз бiрiншi кезекте, бiлiм деңгейiн арттыруға, ауданның бiлiм беру нысандарының материалдық-техникалық базаларын жақсарту және балаларды табысты оқыту мен тәрбиелеу үшiн психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасауға бағытталған көптеген жұмыстар мен мiндеттердi орындаймыз. 


Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы (PDF 2066 Kb)

«Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясының басталуы туралы

2019 жылдан бастап жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл бойы форматқа көшірілді, бірақ акцияның негізгі көрсеткіші балаларды жаңа оқу жылына дайындау болып табылады.

Биыл бұл әлеуметтік бағытталған Министрліктің бастамасы «Жақсылықты жаса» ұранымен өткізіледі.

Акция аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.

Біздің облыста тұрақты негізде көмек көрсететіндер бар (аудан, ауылдық округтер әкімдігінің ведомстволық бағынысты бөлімдері, ЖШС, ШҚ,ЖК, қоғамдық бірлестіктер және т.б.).

Өткен жылы 2023 жылы акция аясында 1418 балаға көмек көрсетілді. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 58 млн. 690 мың теңгені құрады.

Биыл білім бөлімдері көмекке мұқтаж балалардың тізімі жасады. Акцияның қайырымдылық екенін ескере отырып, көмек көрсету бойынша демеушілермен ақпараттық — түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасылардан шыққан 1786 бала. Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 64 Қаулысы аясында оқу жылына дайындық кезеңінде ата-аналар растайтын құжаттарды ұсынған кезде киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін 43407 теңге мөлшерінде төлемдерді жүзеге асыру жоспарлануда. Осы жылдан бастап мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету мемлекеттік қызмет болып табылады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығының 13-қосымшасы). «Қаржылық және материалдық білім алушылар мен тәрбиеленушілерге көмек көрсету мемлекеттік ұйымдардың білім беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидалары барлық білім бөлімдері мен ұйымдарының назарына жеткізілді. Балалардың санаттары сол қалпы болып қалады (5 санат). Қызмет көрсету нысаны тек қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті берушілер білім беру ұйымдары (мектептер) болып табылады. Аудандардағы мектептер құжаттар пакетін толығымен дайындайды және төлем жасау үшін білім бөліміне ұсынады.

Мектептерде сабақ басталғанға дейін бір жарым айдың шамасында уақыт қалды. Осыған байланысты білім басқармасы барлық бей — жай қарамайтын адамдарды осы игі іске қатысуға шақырады! Сіздің қайырымдылық көмегіңіз игі іске жұмсалып, қиын жағдайға тап болған балаларға оқу жылына дайындалуға көмектеседі.

Барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз!

Қызылжар ауданының білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылын ұйымшылдықпен аяқтау жөніндегі іс-шараларды бекіту туралы (PDF 1582 Kb)

 
 
https://www.youtube.com/watch?v=yS8p6EH5tfg&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN&index=2 — «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»

Басты

Мобильное приложение «Darmen»

 

Мақалың шыққан күні: 12.12.2017 14:38

LANG_ARTICLE_DATE_UPDATE 14.08.2024 12:41

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет