Білім мекемелеріндегі тәрбиелік жұмыс пен жазғы демалыс

 

22.07.2024

Әдістемелік ұсыныстар (PDF 2994 Kb)

22.06.2023

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

«Қауіпсіз каникул – 2023»

«Баламен бірге жазғы демалыста»

Жаз - жылдың керемет мезгілі. Отбасылық демалыс – бұл өз балаңызға ең көп уақыт бөлетін кезіңіз. Бұл көптен күткен ерекше оқиғаны Сіздің балаңыз жыл бойы аңсап келді.

Жазда балалардың жазғы лагерге шығуына, туыстарға баруға, өзенге шомылып, орманда қыдыруға тамаша мүмкіндіктер туады.

Шақырайған күннің көзі, суық су, жәндіктер, тез бұзылатын тағамдар сияқты әр түрлі қауіп-қатерлер де жоқ емес.

Балалар үшін жазда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ең алдымен - ата-ананың міндеті. Егер сіз жазда демалысқа жіберетін болсаңыз – онымен суда, күн көзінде, жолда, орманда, тауда жүрудің ережелері туралы әңгімелескеніңіз жөн.

Өкінішке орай көптеген бақытсыздықтар жазғы демалыста орын алады.

Демалыс сізге және балаңызға тек қуаныш әкелуі үшін бірнеше ережелерді сақтау керек:

  • Егер сіз балаңызбен айналысуға шешім қабылдасаңыз, есіңізде болсын, бұл іс-әрекеттеріңіз қысқа болуы тиіс, әрі оларды таңғы уақытта өткізген абзал. Сіздің міндетіңіз балаңыздың білімі мен өз тәжірибеңізді ұштастыра отырып, оның таным көкжиегін кеңейту.
  • Балаңызды теледидар мен компьютерден алшақ ұстауға бар күшіңізді салыңыз, барлық бос уақыттарыңызды таза ауада өткізіңіздер, велосипед, самокат, роликтер тебіңіздер, футбол ойнаңыздар. Жаз – бұл бала денсаулығын нығайтудың жолы және оның келесі оқу жылындағы денсаулығы жазда қалай демалуына байланысты болады.
  • Күн тәртібін сақтауға тырысыңыз, әйтпесе қыркүйекте оған қайтып келу қиынға түседі. Ұйқының қанбауы неврозды дамытады, шаршау жиілейді. Баланың ұйқысы күніне 10 сағаттан кем болмауы тиіс.

ЖОЛДА АБАЙ БОЛ!

Жолдағы қауіпсіздік – бұл ата-аналар немесе қамқоршылардан үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет, бұл қауіпсіздікті елеусіз қалдыруға болмайды.

Балаңыздың бойында жолда, көшеде тәртіпті, ұқыпты, сақ және байқампаз болуға деген қажеттілікті тәрбиелеуге тырысыңыз.

Балаға жаяулар үшін де, көлік жүргізушілері үшін де ережелер бар екендігін үнемі ескертіп отырыңыз.

Балаға көшеде қараумен бірге көшеде естуді де үйретіңіз: баланың жақындап қалған көлікті естімеуінен болған қайғылы оқиғалар көп болғанын есіңізде ұстаңыз.

Балаға қарауды үйретіңіз. Балада қатаң дағды қалыптасуы тиіс: жаяу жүргіншілер жолынан шығар алдында алға қадам жасамас бұрын басын оңға, солға бұрып жан-жағын, жолдың барлық бағыттарын қарайды. Бұл балада автоматизмге дейін үйретілген болуы тиіс.

Өзіңіз де қатаң есіңізде сақтаңыз және балаңызға да үйретіңіз: кез келген көлік түріне міну үшін де, одан шығу үшін де көлік толық тоқтауы керек. Жүріп келе жатқан көліктен неліктен секіріп түсуге болмайтынын түсіндіріңіз.

Балалардың жолда бағдарлануына, жолда сақ және мұқият болуға үйретіңіз, ешқашан жақын келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтуге болмайды, жаяу жүргіншілердің жол қиылыстарында, жолды жаяу кесіп өтерде немесе жолдардың түйіскен жерлерінде құлаққапты алу керек.

Егер сіздің балаңыз жол көлік оқиғасының қатысушысы, куәгері болған жағдайда психолог маманның кеңесіне жүгініңіз. Психолог қорқыныш пен үрейді жеңуге көмектеседі.

СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖАНЫНДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Су қоймаларының маңайында жалғыз серуендеуге рұқсат бермеңіздер. Суда балалармен бірге серуендеу кезінде оларды қарап отырыңыз, әсіресе, суға шомылу кезінде жалғыз қалдырмаңыздар. Тіпті суы таяз жерде де олармен бірге болыңыздар. Сырғанауға арналмаған заттармен сырғанақ тебуге жол бермеңіз. Сақ болыңыздар, балаларға көмек керек болып жатса, оған немқұрайлы қарамаңыздар.    

Келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін бірнеше қағидаларды есте сақтаған жөн:

  1. Демалыс орындарын, судың тереңдігін,су түбінде тырбиған ағаш, балдыр немесе балшық жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Таныс су қоймаларының арналары мен түбі жыл сайын өзгеріп тұруы мүмкін.
  2. Суға шомылып жүрген балаларды ересектер үнемі бақылауда ұстауы тиіс.

Егер ересек балалар өз беттерімен шомылуға кетіп бара жатса, құтқарушы мен медбике посты бар жағажайларға баруын қадағалаңыздар. Балаларға жүзуді үйретіңіз, сонымен қатар әр түрлі төтенше қиын жағдайлардағы жүріс-тұрыс ережелерін де үйретіңіз.

СУДАДЕМАЛА ЖҮРІП, ЖАҒАДА НЕМЕСЕ СУДЫҢ ІШІНДЕ ТӨНЕТІН ҚАУІП-ҚАТЕР БАР ЕКЕНДІГІН ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ.

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ–СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ ШАРТЫ.

Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі!

Қазіргі уақытта Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мен шынайы өмірдегі қауіпсіздік ережелері өзара тығыз байланысты!

Баланың қалыпты дамуына нәсілге бөлінуші және экстремистік сайттар, есірткілер, порнография және т.с.с. туралы ашық ақпараттар қауіп төндіреді. Ғаламтор қойнауы адамгершілік құндылықтармен қатар, қаржылық – зиянды бағдарламалар: құрттар, вирустар, «қоңырау шалулар» тәрізді қауіптерге душар етуде.

Өз балаларыңыздың Ғаламтор желісінде еркін жүзуіне жол жібермеңіздер: Ғаламторға қол жеткізуді бақылау қажет, тыйым салынған сайттарға шығуды, экстремизм, деструктивті діни ағымдар, құмар ойындар, нашақорлық және т.б. насихаттаушы қауіпті ресурстарды шектеу керек. Компьютердің, планшеттер мен смартфондардың браузерлеріндегі сайттарға кіру тарихын үнемі қадағалап қарап отыруға кеңес береміз, әсіресе, Сіздің балаңыз тіркелген YouTube каналына назар аударыңыздар.

Сіздің балаңыздың «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники», «Мой мир» әлеуметтік желілеріндегі виртуалды достарына назар аударыңыздар.

Қаперіңізде жүрсін. Балалар қандай сайттарды пайдаланатынын білу маңызды. Тәртіпті қадағалап отыратын модераторлары бар сайттарды пайдаланған дұрыс. Көптеген чаттар мен форумдарда бейресми түрде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бар. Балаңыздың бейресми түрде таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасамауын талап етіңіз.  

Құрметті ата-аналар, тыйым салынған сайттарды пайдалануды шектеу мен тыйым салу бойынша шараларды іске асырыңыз, жеке компьютерлерге, ноутбуктер, планшеттер мен смаортфондарға «Ата-ана бақылауы» сервисін қоюға кеңес береміз.

Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қорғаңыздар!

Сіздің балаңыздың үйде және көшедегі қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар. Күн сайын балаңызға қайталап айтып отырыңыз:

  1. Өз үйінен, ауласына алыстап кетпесін.
  2. Көшедегі бейтаныс адамдардың қолынан ештеңе алмасын. Бірден бөлектеу кетіп қалсын.
  3. Танымайтын адамдарға есік ашпасын.

АТА-АНАЛАРҒА ЖАДЫНАМА

Жаз-баланы жан-жақты дамытуға қолайлы мүмкіндіктер уақыты, сондықтан бұл мүмкіндікті жіберіп алмау аса маңызды!

13.06.2023

Туристік алаң – 2023

"Қазақстан-бақытты балалық мекені!" атты каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қызылжар ауданының білім бөлімімен "Туристік алаң - 2023" ұйымдастырылды. Қатысушылар-ауданның орта мектептерінің оқушылары.

2023 жылғы 13 маусымда "Абакшино" демалыс аймағының базасында ашылу өткізілді. 5 мектептің балалары (Соколовка ОМ, Налобино ОМ, Вагулино ОМ, Сивково ОМ, Якорь ОМ) туристік жол, көңілді старттар, әскери-патриоттық алаң және т.б. сияқты түрлі іс-шараларға қатысты. Соколовка ОМ педагогтары қатысушыларға туризм мәселелері бойынша викторина дайындады.

Балалар үшін қызықты көріністердің бірі - Озерное ОМ педагогы Нартай Өмірзақұлы Молдахметов ұйымдастырған туристік жолдан өту болды.

Навизнев Денис Александрович балаларды топографияға, азимутпен жүруге, компаспен танысуға және т. б. іс-шаралармен қызықтырды. Дене шынықтыру мұғалімі Евгений Николаевич Исаев спорттық жарыс пен көңілді жарыстар ұйымдастырды.

Соколовка ОМ АӘДжТ оқытушы-ұйымдастырушысы Бейсенбин Бекжан Абайұлы балаларды әскери істің негіздерімен таныстырды.

Көңілді уақыт өткізіп, жаңа достар тауып, жаңа білім алып, туған өлкесінің таза ауасымен дем алған қатысушыларға оң әсер етті.

Туристік алаңның жұмысы жалғасады.

Қызылжар ауданының білім бөлімі "Абакшино" демалыс аймағы әкімшілігіне "Туристік алаң-2023" атты іс-шараны өткізуге алаң ұсынғаны үшін үлкен алғысын білдіреді.

#Қазақстанбақыттыбалалықмекені#Казахстанкрайсчастливогодетства#Лето2023#Жаз2023#отдых

https://www.facebook.com/kyzylzhar.roo/posts/pfbid034TZsVd3HhJtBhm3CeXVtszfN9dYmPFwBCQrHMkqtH2AEqarbs863rm4pajUPCUAKl?__cft__[0]=AZXOSMA8T2x99iA6hd03fFMtDVqhoUmWr7uVpwnAD_wMNeqL_e1ZL2dAQq9H9o3UHxixDusmXGhrzoz0PQXj6aiRWG69pjnphxnpZsBuOomHic6yllb-a68adST8JFuLk9vyu08NpIg4_ljnmCKNjpVHvFZT6xwbXlCHrrqFPIEP5Q&__tn__=%2CO%2CP-R

01.06.2023

«БАЛАЛЫҚ ШАҚ ӘЛЕМІНДЕ»

Балалық шақ - бұл ертегі әлеміндегідей сиқырға толы, қайғысыз қамсыз өмір сүретін, қарапайым, қызықты болып көрінетін ерекше мекен. Біздің әрқайсымыз осынау мекенге барып, естеліктердің жылы ізін қалдырдық.

Бүгін, дәстүр бойынша, жаздың бірінші күні, Халықаралық балаларды қорғау күнінде Қызылжар ауданының барлық білім беру мекемелерінде мерекелік іс-шаралар өткізілді. Балалар «Әрқашан күн сөнбесін!», «Балалық шақты әрлейік» сурет конкурсына, сәндік-қолданбалы өнер шеберханаларында, «Бала, бала, балақан», «Балалық шақ - бұл күлкі мен қуаныш» флешмобтарында және т. б. белсенді қатысты.

Бескөл ауылының орталық алаңында «Балалық шақ әлемінде»атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның басталуы кішкентай қызылжарлықтардың («Мирас»б/б, мен «Балапан»б/б) самокаттардағы жарысы мен «Мерей» өнер мектебі оқушыларының флешмобымен ашылды. Барлық қатысушылар үшін концерт ұйымдастырылып, Бескөл ауылының мектеп оқушылары өздерінің музыкалық қабілеттерін көрсете алды.

«Менің шығармашылығым» алаңдарының жұмысы ұйымдастырылды, онда балалар қызығушылықтары бойынша тоқу және мүсіндеу негіздерін түсіне алды.

«Кітап әлемінде» оқу алаңы балаларды кітап көрмесімен, балалар шығармалары бойынша конкурстар мен викториналар өткізумен қызықтырды.

«Білім беру робототехникасы» алаңында балаларды роботтар көрмесі, сондай-ақ роботты өздері жинау мүмкіндігі күтіп тұрды.

«Асфальттағы біздің жаз» асфальттағы суреттер байқауында достық жеңіске жетті.

Орталық саябақта «Спорт әлемінде» спорт алаңының жұмысы өрістетіліп, қатысушылар «Көңілді старттар» эстафетасы аясында бақ сынасты, сондай-ақ аспалы жолдан өте алды.

Қызылжар ауданының ТЖ және полиция бөлімдерінің арнайы машиналарына экскурсия оң іс-шаралардың бірі болды. Балалар өздерін өрт сөндірушілер мен полицейлер сияқты сезінді, машиналарда болып, бөлім қызметкерлерінің жұмысының мәнін түсінді. Осындай ыстық ауа-райында іс-шараның кішкентай қатысушылары мен олардың ата-аналарына өрт сөндіру машинасынан субұрқақты оң нотада қабылдады.

Мерекелік іс-шара барасында аниматорлармен белсенді уақыт өткізіп, сүйікті ойындарын ойнады.  

Сағат 12.00-де «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС спорт залында аудандық «Қызылжар отбасы»отбасылық эстафетасының финалы өтті. Эстафетаның барлық турларының қорытындысы бойынша №3 Бескөл ОМ командасы 1 орынды, «Бескөл мектеп – колледжі» ЖШС командасы 2 орынды, Кондратов ОМ командасы 3 орынды иеленді. Барлық қатысушылар медальдармен және грамоталармен марапатталды. Әр отбасына «Аманат» партиясынан естелік сыйлық табысталды.

Сағат 14.00-де барлық тілек білдірушілер үшін аудандық мәдениет үйінің залында балалар мультфильмін көру ұйымдастырылды.

Құрметті балалар, баршаңызды мерекеңізбен құттықтаймыз! Біздің ең игі тілектерімізді қабыл алыңыздар. Сіздерге керемет көңіл-күй, мықты денсаулық, таудай бақыт және ұмытылмас жазғы демалыс күндерін тілейміз! Жанға жақын адамдарыңыздың сүйіспеншілі мен жан жылуы жылытып, жүздеріңізден қашанда күлкі мен шаттық кетпесін! Есіңізде болсын, бұл уақыт қайтып келмейді, сондықтан өсуге асықпаңыз, қазіргі уақыттың бақытты сәттірін жіберіп алмай, балалықтың бақыттына бөлене біліңіздер! Ересек өмірде сіз көптеген танымдық және қызықты нәрселерді кездестіресіз, бірақ балалық шақ сіздің жадыңызда мәңгі қалады, ал біз, сіздің ата-анаңыз бен тәрбиешілеріңіз оны жарқын және естен кеппес сиқырлы ету үшін бар күшімізді саламыз!

Балаларды қорғау күні біз балаларына қамқорлық жасайтын барлық аналарға, ұйқысын қорғайтын және тыныштықты сақтайтын барлық әкелерге, немерелерін ессіз жақсы көретін барлық аталар мен әжелерге алғыс айтқымыз келеді.

«Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ бүгінгі іс-шараға қатысушыларға сыйлықтар сатып алуға көмектескен «Шәріпова С.А.» ЖК және «Лагуткина М.В.» ЖК демеушілеріне алғыс білдіреді.

Әр отбасына денсаулық, амандық, табыс және жаз мезгілінде тамаша демалыс тілейміз! 

Біз үздіктер қатарынанбыз!

«Мерей» ӨМ домбыра сыныбы бойынша оқушылар 2023 жылғы 22 сәуірде Астана қаласында өткен Германия-Қазақстан «Europeanup» жобасы аясында халықаралық еуропалық өнер байқауына қатысты!

Конкурстың мақсаты қазақстандық ұжымдардың жақын және алыс шет елдермен мәдени байланыстарын дамыту және нығайту, талантты және дарынды қатысушыларды анықтау және көтермелеу, Қазақстан, Германия, Ресей және ТМД елдерінің қатысушылары арасында шығармашылық қарым-қатынас ортасын құру, Қазақ ұлттық мәдениетін халықаралық деңгейде танымал ету, Қазақстанның, Германия мен Ресейдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық мәдениеттерді біріктіру болып табылды.

Конкурсты ұйымдастырушылар: INTERNATIONAL FEDERATION ART LINE Германия, Франкфурт-Майнедағы COSMOS ICO компаниясының қолдауымен. Жобаның продюсерлері: Игорь Зимин (Ресей, Қазақстан) және АndreaBeir (Франкфурт-Майнедан, Германия). Ақпараттық серіктес: LUCKY PEOPLE Халықаралық Өнер және спорт қауымдастығы (Ресей-Қазақстан).

Біздің барлық қатысушыларымыз жоғары марапатқа ие болды:

Далелбекұлы Абдолл - ГРАН-ПРИ (13-15 жас санаты)

Оразаева Анель - 1 дәрежелі ЛАУРЕАТ (10-12 жас санаты)

Мейманов Мансур - 1 дәрежелі ЛАУРЕАТ (7-9 жас санаты)

Педагог - Букирова Татьяна Асылбайқызы.

2023 жылдың 27 мамырында «Мерей» ӨМ оқушылары - домбырашылар Астана қаласының оқушылар сарайында өткен «Ғажайып жұлдыздар» халықаралық байқауына қатысып өз өнерлерін паш етті.

«Шашу» домбырашылар ансамблі «Гран-при» иеленіп жеңіс тұғырынан көрінді, жетекшісі Берік Жанатов. Ал Мұрат Қарақат болса (соло) 1 орыннан көрінді, жетекшісі Бибігүл Макимкенова.

Ұстаздар мен балаларды құттықтаймыз, шығармашылық пен оқуда үлкен жетістіктер тілейміз!!!

13.05.2023

«ЖАСЫЛ МЕКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ

"Төрт тоқсан-төрттен өнер" және "9 ай – 9 іс – шара" ұлттық мәдени-ағарту жобасының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 13 мамырда Қызылжар ауданының білім беру ұйымдары "Жасыл мекен"республикалық челленджіне қатысты.

"Жасыл мекен" челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті, табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған.

Челленджге ауданның 39 мектебінен 500-ден астам оқушы, 198 педагог және 85 ата-ана белсенді қатысты. Іс-шара аясында қарағай, шырша, туя, қайың, емен, жеміс-жидек ағаштары және 2500 гүл (георгин, петунья, астра, бархатцы және т. б.) сияқты 500-ден астам көшет отырғызылды.

Челлендждің әрбір қатысушысы, оның ішінде мектеп түлектері де Түлектер аллеясын отырғызу арқылы өз үлестерін қосты.

Қызылжар ауданының білім бөлімінің басшысы Амангелді Еслямбекұлы Әбдірахманов "Парасат" м-л түлектерімен бірге мектеп аумағына алма және туи көшеттерін отырғызды.

Ата-аналар, балалар мен тәрбиешілер қабылдаған бір іс көптеген жылдар бойы өркендейді.

# табиғатқақамқорлық
#ағашотырғызу
#жасылмекен
#еңбекқорлық 

 

 

13.04.2023

Аудандық «Оратор – 2023» шешендік шеберлік байқауы 

Жақсы сөз — табысқа жетер жол! 

Шешендік шеберліктің шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында аудандық шешендік шеберлік конкурсын өткізу дәстүрге айналуда.

2023 жылғы 13 сәуірде оқушылардың өз елінің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын тәрбиелеуге және қолдауға, өз ойларын мәнерлеп және қысқаша білдіру саласында қабілетті балаларды анықтауға бағытталған «Оратор – 2023» аудандық байқауы екінші рет өтті. «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС базасында өткен байқауға 5-8 сыныптардың 21 оқушысы — аймақтық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.

Ережеге сәйкес конкурс 3 кезеңде өткізіледі:

«Мен саған айтқым келеді», «Жедел әрекет ету риторикасы», «Мен оны бір жерден көрдім».

№ 2 Бескөл орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Руслан Исентайұлы Растенов, білім бөлімінің әдіскерлері Тілеуқабыл Қадырбайұлы Ережепов пен Арайлым Нұрланқызы Құсайыновадан құралған құзыретті қазылар алқасы қызықты конкурстың барысы мен қатысушылардың сөз сөйлеуін бақылап, келесі қорытындыларды шығарды:

Митина Маргарита (Совхоз ОМ) «Харизматика» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды

Раджабова Нұрсұлу (№2 Бескөл ОМ) «Шешендік» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды

Горшкова Злата (Пресновка ОМ) «Сенім» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды

Крамер Евгений (Боголюбово ОМ) «Ерекшелік» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды

3 орын: Қабыкенова Анель (№2 Бескөл ОМ)

Бычок Данил (Боголюбово ОМ)

Жабовская Ксения (Г.Зенченко атын.ОМ.)

2 орын: Сабитова Аделина (Якорь ОМ)

Хисамутдинов Амир (Соколовка ОМ)

1 орын: Омарова Лейла (Пресновка ОМ)

Хецоидзе Амиран (Якорь АҚШ)

Балтабек Альмира (№3 Бескөл ОМ)

Бас жүлде: Васильев Сергей (Бескөл мектеп-колледжі)

Балаларды құттықтаймыз және оларға шығармашылық даму, қойылған мақсаттарға қол жеткізу, оқу жылының тамаша аяқталуын тілейміз!

06.04.2023

«Бала тілі — бал» аудандық оқушылар айтысы

2023 жылы 06 сәуірде Қызылжар ауданының «Парасат» мектеп-лицейінде қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Бала тілі - бал» атты аудандық оқушылар айтысы өтті.

Аталған іс-шара қазақ халық шығармашылығын дамыту және ілгерілету, дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында өткізілді. Бүгінде айтыс өнері біздің заманымызда өзінің әдеби маңыздылығын да, өзектілігін де жоғалпаған. Шешендік өнер арқылы айтыс мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде насихатталады.

Айтысқа сегіз жас айтыскер қатысты. Әділ қазылар алқасы құрамында айтыс ардагері Тастамбеков Өзбек, Солтүстік Қазақстан облысының маслихат депутаты Ербақыт Амантайұлы, Республикаға танымал ақындар Жарқын Жұпархан, Жумабек Рахимов, жас айтыскер ақын Шыңғысқан Ғабдуллин төрелік етті.

Айтыстың қорытынды нәтижелері келесідей:

I - Жарқын Сұлтан (Бәйтерек орта мектебі),

II - Қажымұрат Нұртөре («Парасат» мектеп-лицейі)

III - Канашева Анель (Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия) орындарды иеленсе, көрермен көзайымы номинациясы бойынша Оңталап Ертуған марапатталды.

Бас жүлді қанжығасына Біржан Елдана (Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия) (30000 теңге) байлады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз.

#Мағжан130жыл

04.04.2023

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»

Отбасында баланы тәрбиелеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Балалар үшін ата-аналар еліктейтін үлгі. Халық отбасын болашақ азамат пен жалпы қоғамның қалыптасуының «Алтын бесігі» деп атайтыны бекер емес.

Отбасы-бұл негіз, әр адам үшін туған ұя, тәрбиенің алғашқы бастауы.

2023 жылдың 04 сәуірінде «Парасат» м-л базасында Қызылжар ауданы мектептерінің ата-аналар жұртшылығы үшін «Балаларды тәрбиелеу ата-аналар қарым-қатынасынан басталады» тақырыбында «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының директоры Жанат Қабдолрақымұлы Мұхамеджановтың, әдістемелік жұмыстар және ақпараттық технологиялар орталығының тәрбие бөлімінің басшысы, психологы Баукенова Жазира Алтайқызы мен білім бөлімінің әдіскері Сайдалинова Күнсұлу Зейноллақызының қатысуымен аудандық семинар-тренинг өтті.

Семинар барысында ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас мәселелері қаралды. Ата-аналар жұртшылығы «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысына қызығушылық білдерді, ол өз кезегінде ата-аналар арасында жаңа білім алу және қолда бар білім мен тәжірибе алмасу алаңына айналуға тиіс.

Балаға жеке тұлға ретінде қалыптасу, оның өзіне деген сенімін дамыту үшін ата-ананың сүйіспеншілігі мен назары қажет. Сонымен қатар, әрбір ата-ана оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеуге оң әсер ететін мектеп пен отбасының өзара іс-қимылы мәселесін қарастыруы керек, өйткені ата-аналардың балалардың мектеп өміріне қатысуы маңызды рөл атқармақ.

Біз ата-аналарды баласының сыныбы мен мектебінің өміріне белсенді қатысуға, олардың жетістіктері мен жеңістері қызығушылық танытуға шақырамыз, бұл балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасқа оң әсер етеді. 

17.03.2023

"Қыздың ұлттық киімі" аудандық байқауы

17 наурыз күні № 2 Бескөл ОМ базасында жыл сайынғы аудандық "Қыздың ұлттық киімі" байқауы өткізілді, оның ұйымдастырушылары Білім бөлімі болды. Ауданның 16 мектебінен барлығы 22 өкіл қатысты.

Іс-шара әр түрлі халықтардың ғасырлар бойы тарихы мен мәдениетінің көрінісі болып табылатын ұлттық киімдерді танымал етуге ықпал етеді. Конкурс ұлттық костюм дәстүрлерін зерделеуге, сақтауға және дамытуға қызығушылықты ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Байқау барысында әр қатысушы өзінің ұлттық киімдерін таныстырды. Бүгінгі таңда дәстүрлі ұлттық киім өзінің танымалдылығын жоғалтқан жоқ, ол жарқын түстермен, тартымды декормен және қысқа кесумен назар аударды.

Байқауға қатысушылар өздерінің ұлттық киімдері туралы айтып, көрермендерді ұлттық киімге жаңа көзқараспен қарауға негіз етті. Барлық қатысушылар өздерінің дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша Гран-при атағы № 2 Бескөл ОМ оқушысы Өмірзақова Бикамалға лайықты түрде берілді.

  1. орынды Омарова Жасмина ("Парасат" м-л) және Горшкова Злата (Пресновка ОМ) бөлісті.
  2. орын Баянова Варвара (Кустовое НМ), Кожухова Зарина (Якорь ОМ), Омарова Альфия (Пресновка ОМ), Асқар Меруерт (Подгорное НМ) арасында бөлінді.
  3. орын: Ақжолбек Алина (Подгорное ОМ), Баймакишева Елнар (Асаново ОМ), Нагапетян Ангелина (Якорь ОМ).

"Мисс очарование" номинациясы бойынша дипломымен Қаржауова Айлана (Архангельское ОМ), "Мисс творчество" номинациясы бойынша дипломмен Алчангян Мане (Бескөл МК) марапатталды.

Қалғандарының барлығы қатысушылардың сертификаттарымен марапатталды.

 

23.01.2023

"Табиғат әлемі балалардың көзімен – 2023"
облыстық балалар шығармашылығы байқауының аудандық кезеңі  

2023 жылғы 15-20 қаңтар аралығында Қызылжар ауданының білім бөлімі "Табиғат әлемі балалар көзімен"облыстық балалар шығармашылығы байқауының аудандық іріктеу кезеңін өткізді.

Байқау балалардың шығармашылығы арқылы қоршаған ортаның сақталуы үшін балалардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, қоқысты қайта пайдалану және кәдеге жарату мәселесіне оқушылардың назарын аудару, ұлттық қолөнер дәстүрлерімен байланысты сәндік-қолданбалы шығармашылықтың әртүрлі бағыттарын дамыту, туған өлкенің табиғатын зерттеуге деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткізілді.

Барлығы ауданның 24 мектебінен 7 — 17 жас аралығындағы 41 оқушы қатысты. "2023 жылдың символы" және "табиғат пен Қиял" атты екі номинация бойынша жұмыстар ұсынылды. Әр номинацияда үш жас тобындағы жұмыстар бағаланды: 7 — 9 жас; 10 — 13 жас; 14 — 17 жас.

Байқау қорытындысы кестеде көрсетілген. Аудандық кезеңнің жеңімпаздары облыстық байқауға қатысады. Қатысушыларымызға жеңіс тілейміз!

 

06.12.2022

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының Онлайн-слеті 

2022 жылғы 06 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Қызылжар ауданының білім бөлімі Вагулино ОМ бірлесіп «Адал ұрпақ»ерікті мектеп клубтарының онлайн — слетін өткізді. Ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту жөніндегі бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу болып табылады.

Ауданның 39 мектебінде ерікті мектеп клубтары өз жұмыстарын жүргізеді. Клуб қатысушылары-мектептің өзін-өзі басқару мүшелері және мектеп педагогтары жыл бойы өз елінің жоғары адамгершілігі мол, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік-құзыретті азаматы мен патриотының қалыптасуы мен дамуы үшін мектепте жағдай жасауға бағытталған тәрбие іс-шараларын өткізеді.

Вагулино ОМ, Рассвет ОМ және №2 Бескөл ОМ балалары өз жұмыстарымен бөлісті.

Іс-шара соңында оқушыларды «Адал ұрпақ»клубының қатарына қабылдау салтанатты түрде өтті.

Балаларды құттықтаймыз және оқуда алда болуын тілейміз!

02.12.2022

"Мен – репортер" республикалық байқауының аудандық кезеңі

2022 жылғы 02 желтоқсанда Қызылжар ауданының мектеп оқушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Мен – репортер" республикалық байқауының аудандық кезеңіне қатысты.

Байқаудың мақсаты-білім алушыларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, журналистика мен ақпаратты жақсы көретін және бағалайтын шығармашыл ойлайтын балаларды, мектептің өзін-өзі басқарудың ізденімпаз мүшелерін анықтау.

Қатысушылар сұхбат, фоторепортаж, танымдық-тақырыптық және т.б. сияқты репортаж жанрында орындалған жұмыстарды ұсынды.

Орындар келесідей орналасқан:

1 орын: Қазизова Әйгерім,"Парасат" МЛ 

2 орын:

Юрданова Елизавета, Красногорка НМ

Чужиков Денис, Совхоз ОМ

Романов Николай, Налобино ОМ 

3 орын:

Глотова Виктория, Большая Малышка ОМ

Болат Назерке, "Қызылжар Абай орта мектебі"ҚҚ

Бикбаев Данила, Вагулино ОМ

Черняевская Анастасия, Сивково ОМ. 

Қазизова Әйгерім байқаудың облыстық кезеңіне қатысып, 2 орынды иеленді! 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық қызметте толағай табыстар табыс тілейміз!!!
 


20.11.2022

Әр баланың құқығы бар - Каждый ребенок имеет право

1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы №836 (IX) қарар қабылдады және барлық елдерге 20 қарашада бүкіл әлемде атап өтілетін Дүниежүзілік балалар күні ретінде мерекелеуге кеңес берді.

20 қараша күні кездейсоқ таңдалмады: 1959 жылы осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы «Балаларға бақытты балалық шақты қамтамасыз ету»мақсатымен Бала құқықтары туралы Декларация қабылдады.

Мереке тиісті заңнамалық және басқа шараларды жүзеге асыра отырып барлық азаматтарды балалардың құқықтарын сақтауға шақырады.

Қазақстан Республикасы 1994 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады.

«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндігін өткізу аясында, 2022 жылғы 10-20 қараша аралығында Қызылжар ауданының мектептерінде «Құқығым бар» эссе байқауы, «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» және «Түнгі қаладағы балалар»республикалық акциясы сияқты бірқатар іс-шаралар өткізілді.

ҚР АМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің мектептегі балалар өкілдері балалардың құқықтары туралы конвенцияның баптарын түсіндіре отырып, әлеуметтік желілер беттерінде мектептің жарқын жобалары, жеке жетістіктері туралы бейнероликтер орналастырып «Балалық шақты бірге қорғайық» республикалық челленджіне қатысты.

Білім бөлімімен «Әр баланың құқығы бар - Каждый ребенок имеет право» атты аудандық сурет байқауын өткізді. Байқау қорытындысы кестеде көрсетілген.

Мектеп

Баланың АЖ

сынып

орын

1

Долматово негізгі мектебі

Редькин Дмитрий

1

I

2

Пресновка орта мектебі

Черемухина Ульяна

7

I

3

Боголюбово орта мектебі

Cушкова Вероника

1

II

4

Асаново орта мектебі

Дедкова Надежда

6

II

5

Совхоз орта мектебі

Кашапова Ясмин

2

III

6

Бугровое орта мектебі

Калашников Дмитрий

8

III

7

Озерное орта мектебі

Жазит Арайлым

1 «а»

сертификат

8

Сивково орта мектебі

Арутюнян Анна

2

сертификат

9

Березовка негізгі мектебі

Мавров Данил

3

сертификат

10

Рассвет орта мектебі

Золотарева Елена

7

сертификат

11

Соколовка орта мектебі

Иванова Ангелина

7 «а»

сертификат

12

Архангелка орта мектебі

   Мейрам Досымжан

8 «а»

сертификат

Сонымен қатар, осы онкүндік аясында «Бескөл мектеп-колледжі»ЖШС 6 сынып оқушысы Сиразетдинов Тимур «Өмір ағашы.Менің отбасымның тарихы» республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысып, құрметті 3 орынға ие болды!

«Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС 2 б сыныптың ата-аналар комитеті «Жылдың үздік ата-аналар/қамқоршылар кеңесі» Республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды, бұл оларға республикалық кезеңге қатысуға жолдама берді. Оларға байқауда жеңіс тілейміз!

17.11.2022

«Жас жұлдыздар»

2022 жылдың 17 қарашасында "Оқушылар сарайы" МКҚК "Жас жұлдыздар" облыстық байқауы өтті. Байқауға Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінен 1000-ға жуық жас талант қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты-оқушылар арасында шығармашылық әлеуетті дамыту, шығармашылық тәжірибені арттыру және алмасу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілеттерінің сапалы нәтижелерін анықтау.

"Аспаптық орындау" номинациясына 90-нан астам жеке орындаушы қатысты, онда "Мерей" өнер мектебінің оқушылары біздің мектеп пен ауданды лайықты түрде таныстыра алды. Кіші санатта оқушылар: Жарқынұлы Сұлтан 3 орын (оқытушы Жанатов Б. С.) және Мұрат Қарақат (оқытушы Макимкенова Б.К.) 3 орын, орта санатта Далелбекұлы Абдолла 3 орын (оқытушы Букирова Т.А.), жоғары санатта Ерболат Алмас 3 орын (оқытушы Макимкенова Б. К.) және Жасұлан Әмірхан (оқытушы Жанатов Б. С.) қатысқаны үшін сертификат алды.

16 ұжым арасында "Шашу" домбырашылар ансамблі (жетекшісі Б. С. Жанатов) "Аспаптық орындау" "ансамбльдер" номинациясы бойынша 3-ші орынды иеленді!

Біз балалар мен педагогтарды табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!

26.10.2022

Жанашыр жүрек

Еріктілер-бұл көп нәрсені жасай алатын нақты күш. Еріктілер клубтарының мақсаты- адамдар мен қоғам игілігі үшін өз іс-әрекеттері , жасаған жұмысының негізінде адамгершілік сезімдерін қалыптастыру.

Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Қызылжар ауданының 39 мектебінде мектеп өзін-өзі басқару шеңберінде еріктілер клубтары жұмыс істейді, олар өз мүмкіндіктеріне байланысты аға буын өкілдеріне көңіл бөліп, көмек көрсетеді. Мектеп оқушылары мен педагогтары қарт адамдарға іргелес аумақты абаттандыруға, сондай-ақ отын жаруға, көмір дайындауға және жер телімдерін жинауға көмек көрсетеді. Сапар барысында балалар еңбек ардагерлерімен қарым-қатынас жасайды, оларға өз қолдарымен сыйлықтар ұсынады, ал аға буын өкілдері өз кезегінде оларға өмірдің қызықты оқиғаларын айтып, тәжірибе мен кеңестермен бөліседі.

21.10.2022

Жүректен жүрекке 

2022 жылғы 21 қазанда Қызылжар ауданының білім бөлімі "Мерей" өнер мектебінің оқушыларымен және педагогтарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде Архангелька ауылындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына көшпелі концерт ұйымдастырды.

Орталықтың балалары аспаптық, хореографиялық және вокалдық нөмірлер дайындаған "Мерей" өнер мектебінің оқушыларының өнерін қызығушылықпен тамашалады.

Концерт соңында орталық балалары өз әсерлерімен бөлісті, Даша есімді қыз сөйлеушілерге алғысын білдіріп, өз қолдарымен жасалған картинаны сыйға тартты.

Мереке құрметіне орталық балаларына қонақтардан тәтті сыйлықтар ұсынылды.

Ниет болса, игі істер жасауға әркімнің қауқары келмек.

Төртеу түгел болып,

қолдан келген істің берері мол!

19.10.2022

«Әкем, анам және Мен» аудандық спорттық турнирі

2022 жылдың 19 қазанында Бескөл а., "Болашақ" ДШК, Қазақстан Республикасы Күні мен балалар жылын мерекелеу аясында аудан орталығы мектептерінің оқушыларының отбасылары арасында "Әкем, анам және Мен" атты көңілді старттар бойынша аудандық спорттық турнир өтті.

Жарысқа 5 отбасылық команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша I орынды №3 БОМ және БМК командалары өзара бөлісті; II орынды Бәйтерек ОМ командасы; III орынды №2 БОМ, сондай-ақ "Рухы мықты отбасы" номинациялары бойынша "Парасат"МЛ командасы, "Ең ұйымшыл отбасы"Бәйтерек ОМ командасы, "Ең жылдам епті және шебер отбасы" номинациялары бойынша " №2 БОМ командасы марапатталды.

Іс-шараның мақсаты-отбасы институтын нығайту және балалардың дене шынықтырумен, салауатты өмір салтымен және белсенді өмір салтымен айналысуына оң көзқарасын қалыптастыру.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер орындар мен номинациялар бойынша грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға және Мусиндер отбасына белсенді қатысқаны және жарыстардағы жеңіске деген ерік-жігері үшін Алғыс білдіреміз.

14.10.2022

Пікірлестердің кездесуі 

2022 жылғы 14 қазанда Республика күнін мерекелеу қарсаңында, балалар жылы аясында "Парасат" мектеп-лицейінде достық жағдайда ауданның барлық мектептері фракцияларының президенттері мен депутаттары кездесті. Бұл кездесуге облыстық "Лидер" клубының балалары басшысы Штро А.Ф., сондай-ақ Аққайың ауданы №1 Смирнов ОМ өзін-өзі басқару мүшелері қатысты.

Бүгінгі таңда Парламент мектеп әкімшілігінің оқу-тәрбие процесінің проблемаларын шешудегі таптырмас көмекшісі болып табылады.

Кездесу барысында "Парасат" МЛ Президенті Әйгерім Қазизова мен пікірсайыс қозғалысы фракциясының депутаты Ділбар Уринбасарова мектеп Парламентінің жұмысы туралы айтып, өзекті бағыттардың бірі ретінде мектептегі пікірсайыс қозғалысының дамуы туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

№ 2 Бескөл орта мектебінің президенті Дүйсенбай Мөлдір жыл сайын волейболдан "Қанатты доп" мектепішілік турнирін, сондай-ақ бүкіл мектеп оқушылары үшін "Кіші олимпия" мен "Олимпия" спорттық іс-шараларын өткізетін спорт және СӨС фракциясын атап өтіп, өз ұжымының жұмысын таныстырды.

№3 Бескөл ОМ Баспасөз және ақпарат фракциясының депутаты Аяулым Нұрмұқанова Парламент жұмысына жаңа жобаларды енгізуге көмектесетін журналистика үйірмесінің жұмысына тоқталды.

Мектептегі өзін-өзі басқарудың әр өкілі өз мектебі туралы, мектеп газеті, тікенек және басқа да қызықты іс-шараларды баяндап беруге тырысты.

Кездесуде қатысушылар мектептің өзін-өзі басқару жұмысына қатысу «не беретінін» ынтамен түсіндірген қонақтарды да тыңдауға қызығушылық танытты. Александр Федорович балалардың назарын мектеп жұмысындағы өзін-өзі басқарудың маңыздылығына, барлық өткізілетін іс-шаралар олардың белсенді қатысуымен өтуі керек екеніне аударды. Шынында да, мектеп парламентінің жұмысында оқушылар мен мұғалімдер ынтымақтастықты үйренеді, балаларға қатысты маңызды мәселелерді шешуде толыққанды серіктес болады.

Балалар бір-бірімен жақынырақ танысып, идеяларымен бөлісті, ойнады, ән айтты. Бұл күн барлығына болашаққа сеніммен және ынтамен қарайтын пікірлес жаңа достар табумен есте қалады.

  

14.10.2022

"Жаңа Қазақстан. Таза табиғат"

2022 жылғы 14 қазанда Қызылжар ауданының 39 мектебінде Қазақстан Республикасы Күні мен балалар жылын мерекелеу аясында, 800-ден астам адам қамтылған ,"Жаңа Қазақстан. Таза табиғат" аудандық экология акцисы өткізілді.

Акцияның мақсаты-өскелең ұрпақты қоршаған әлемге ұқыпты және жанашырлық көзқарас рухында тәрбиелеу, ұлттық табиғи байлықтың бір бөлігі ретінде туған өлкенің табиғаты үшін мақтаныш пен жауапкершілік сезімін дамыту.

"Экология және еңбек" фракциясының мүшелері және Бескөл ауылы мектептерінің педагогтары, білім бөлімінің қызметкерлері "Таза жағалау"акциясына қатысты. Акция барысында "Старица" көлінің жағасына қоқыс жиналды. Акцияға қатысушылар аумақты қоқыстан ынта-жігермен тазартты, кг-нан астам қоқыс жиналды.

Мектеп парламентінің мүшелері мен Большая Малышка ОМ, Озерное ОМ, Якорь ОМ, Водопроводное ОМ, Долматов ОМ педагогтары жағалауларды қоқыстардан тазарту бойынша акциялар өткізді.

Басқа мектептерде мектеп өзін-өзі басқару мүшелерінің, ата — аналар мен мектеп мұғалімдерінің қатысуымен көшет отырғызу акциялары өтті.

Акция-балаларды еңбекке баулудың және табиғаттың әр адамның өміріндегі маңыздылығын түсінуге негізделген қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастырудың кезекті қадамы.

19.08.2022

«Қазақстан балалары — жазды қуанышқа толтырайық!»

Балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру аясында «Қазақстан балалары — жазды қуанышқа толтырайық!» Концепциясына сәйкес, сонымен қатар Петропавл қаласының нысандары бойынша бiр күндiк экскурсиялық сапарлар жоспары «Қызылжар ауданының бiлiм бөлiмi» КММ Қызылжар ауданы мектептерiнiң оқушылары үшiн кезектi рет өткiзiлдi.

Балалар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына үлкен қызығушылықпен барып, туған өлкесiнiң тарихымен танысты, сондай-ақ экскурсоводқа ең қызықты сұрақтар қойды. Содан кейiн балалар «Абылай хан резиденциясы» мұражай- кешенiне барып, жағымды эмоциялар мен әсер алды. Одан әрi жоспарға сәйкес балалар облыстық Ботаникалық бақта болып, 108 жылдық тарихы бар флора мен фаунаның сиқырлы әлемiне саяхат жасады.

Балалар бiр-бiрiмен достасып, ауданның басқа мектептерiнен жаңа достар тапты.​

Экскурсия 6 сағатқа созылды, ыстық түскi үзiлiс, 45 адамды қамтыды.​

Балалар жылын өткiзу аясындағы iс-шаралар жалғасуда.

«Қазақстан балалары — жазды қуанышқа толтырайық!»

Балалардың жазғы уақыттағы демалысын ұйымдастыру

«Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру аясында  «Қазақстан балалары — жазды қуанышқа толтырайық!» атты концепциясына сәйкес Қызылжар ауданы мектептерінің оқушылары үшін Петропавл қаласының нысандары бойынша бір күндік экскурсиялық сапарлардың жоспар-кестесін әзірлеп, бекітті.

Алғашқы сапар 2022 жылғы 14 шілдеде өтті, балалар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, одан кейін «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешеніне және «Оқушылар сарайы» КММ үлкен қызығушылықпен барып, жағымды эмоциялар мен әсер алды, сондай-ақ өзара достасып, ауданның басқа мектептерінен жаңа достар тапты.

Экскурсия түскі үзіліспен 6 сағатқа созылып, 25 адамды қамтыды.

Балалар жылын өткізу аясындағы іс-шаралар жалғасуда.

Қызылжар ауданындағы мектеп алаңдарының жұмысы

2018 жылдың 1 маусымынан бастап «Бақытты балалық шақ 2018» айдары аясында ауданымызда 43 жалпы бiлiм беру мектептерiнiң 1 626 баланы қамту арқылы балалар мектеп алаңдарының дәстүрлi түрде алғашқы маусымы ұйымдастырылды.

Жазғы кезеңде балалар демалысын ұйымдастырудағы басты мiндеттер — сауықтыру демалысы және балаларды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру.

«Қазақстан Республикасының тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын ойдағыдай iске асыру және бiлiм берудiң жаңартылған мазмұнын жүзеге асыру мақсатында барлық мектептерде жазғы қазақ тiлi мектептерi мен ағылшын тiлiн ерте оқыту жүйесi жұмыс iстейдi.

Мектеп алаңдарының iс-шаралар жоспарларына Астананың 20 жылдығына арналған «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және бiлiм» кiшi бағдарламасын, М.Жұмабаевтың 125 жылдығын және «Астана, саған 20 күн!» марафонын өткiзуге арналған iс-шаралар енгiзiлген.

Қызылжар ауданындағы мектеп алаңдарының жұмысыҚызылжар ауданындағы мектеп алаңдарының жұмысы

Қызылжар ауданындағы мектеп алаңдарының жұмысыҚызылжар ауданындағы мектеп алаңдарының жұмысы

Қызылжар ауданындағы мектеп алаңдарының жұмысыҚызылжар ауданындағы мектеп алаңдарының жұмысы

Қызылжар ауданындағы мектеп алаңдарының жұмысы

 

 

Мақалың шыққан күні: 12.12.2017 15:38

LANG_ARTICLE_DATE_UPDATE 22.07.2024 10:14

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет