2022 жылғы 10 қарашада «Парасат»мектеп-лицейі» КММ базасында облыстық аттестаттау комиссиясы мүшелерінің, Сараптамалық кеңестің, педагогтердің және педагогтерді аттестаттауды үйлестіретін Қызылжар ауданының білім беру ұйымдары директорларының орынбасарларының қатысуымен Педагог қызметкерлерді аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша кезекті өңірлік семинар-кеңес өтті.
Белгіленген ережелерге сәйкес педагогтерді аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы білім басқармасының персоналды басқару бөлімінің бас маманы Айтхожина Жанагүл Армиянқызы сөз сөйледі. Қолда бар ережелерді түсіндіру барысында қолда бар нормативтік –құқықтық базаны сауатты пайдалану бойынша ұсыныстар берілді, сондай-ақ педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңартылған қағидаларының жобасындағы өзгерістер көрсетілді.
Сараптамалық кеңестің төрағасы білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының орынбасары Ғабдуллина Бақыт Мырзағалиқызы Сараптамалық кеңес жұмысының қорытындылары туралы айтып, аттестатталушының педагогикалық қызметін зерделеу тәсілдерін, портфолио құрастыру және ресімдеу кезіндегі аттестатталатын педагогтардың жіберетін қателіктері туралы және оларды қалай болдырмауға болатыны туралы айтты.
«ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» КММ директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ромбаева Айгүл Хуанышқызы білім беру ұйымдарында педагогтерді аттестаттауды үйлестіру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар спикерлерге өздерін қызықтырған барлық сұрақтар бойынша қызығушылық танытып, толық жауаптар алды.
Қараулар: 824