2024 жылдың 29 мамырында «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС-де «Оқытудың формалары мен әдістерін қолдану білім сапасын арттырудың шарты» тақырыбында математика пәні мұғалімдеріне арналған семинар-практикум өтті. Аталған тақырып мұғалім тәжірибесінде өзекті болып табылады.
Семинар барысында мұғалімдер дарынды балалармен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті. «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС математика пәнінің мұғалімдері Новичкова Т.П. және Дуденкова О.В. өз сөзінде «Мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру» тақырыбына сөз талқылады. Осы мектептің 10-сынып оқушысы Оксана Сиромская «Қалдықтарды табысқа айналдыру» тақырыбындағы ғылыми жобасын ұсынды.
«Қызылжар Абай О.М.» ҚҚ-ның математика пәнінің мұғалімі Магперова Р.К семинарға қатысушыларға оқушылардың білім олқылықтарын толтыру мәселесінің маңыздылығын айтып, шеберлік сыныбын көрсетті.
«Қаладан-Ауылға» жобасы аясында Петропавл қаласындағы «Бірінші гимназия» КММ-нің математика пәнінің мұғалімі Татьяна Викторовна Медынина математика сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту тәжірибесімен бөлісті.
Семинарға қатысушылар берген жоғары баға іс-шараның жақсы ұйымдастырылғанын, талқыланған мәселелердің өзектілігін және мұндай кездесулердің пайдалылығын көрсетеді.
Қараулар: 337