31 қазанда "Информатика" пәні бойынша "Информатика сабақтарында оқытудың тиімділігі мен сапасын арттыру" тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Оған спикерлер ретінде Петропавл қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәнінің мұғалімдері Гүлзат Ерғалиқызы Сәткенова "Информатика сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін қолдану" тақырыбы бойынша және "Тілдерді дамыту үшін жоғары сыныптарда Информатика сабақтарында пәндік - тілдік интеграцияланған оқыту әдістерін қолдану" Ербол Мырзашұлы Жүнісов шақырылды. Сондай-ақ, ауданның жалпы білім беретін мектептерінің спикерлері ретінде "Бәйтерек ОМ" КММ-нің информатика пәнінің мұғалімдері Сәкен Мусаевич Кусаинов "Цифрлық сауаттылық — жаңа әлем бастау жолы" және "Пеньково ОМ" КММ-нің мұғалімі Елена Петровна Колоколова "Электрондық оқу құралын құру және пайдалану" тақырыбы бойынша сөз сөйледі. Семинардың мақсаты информатика және цифрлық сауаттылық сабақтарында оқытудың тиімділігі мен сапасын арттыру бойынша НЗМ және жалпы білім беретін мектептер педагогтарының жұмыс тәжірибесімен алмасу болды.
Кері байланысқа ауданның жалпы білім беретін мектептерінің информатика пәні мұғалімдерінің ішінен 35 адам қатысты. Аудан мұғалімдеріне оқушылармен тиімді жұмыс жасау, сондай-ақ электронды оқу құралымен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берілді.
Қараулар: 701