Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында аудандық дебат турнирі өтті. Турнирге 18 команда қатысты, оның ішінде 5 команда мемлекеттік тілде, 13 команда орыс тілінде. Іріктеу ойындары британдық парламенттік формат бойынша, ал финалдық ойындар американдық парламенттік формат бойынша өтті. Орыс тілінде оқытатын командалар арасындағы ойын барысында финалға келесі командалар шықты: Бескөл КМ, Боголюбово ОМ, №2 Бескөл ОМ, Якорь ОМ. Тартысты күресте келесі орындар белгіленді: 1 орын –Якорь ОМ, 2 орын Боголюбово ОМ, 3 орын Бескөл КМ. "Үздік спикер" номинациясында Якорь ОМ 11-сынып оқушысы Недосекова Татьяна танылды.
Мемлекеттік тілде оқытатын мектептер арасында финалдық ойында № 2,№3 Бескөл ОМ, Бәйтерек ОМ, "Парасат"мектеп – лицейінің командалары кездесті. Ойын қорытындысы бойынша келесі орындар бөлінді: 1 орын "Парасат" м-л, 2 орын Бәйтерек ОМ, 3 орын №2 Бескөл ОМ.
Озерное ОМ тарих пәнінің мұғалімі Ж.М. Сулейменовқа, Бугровое ОМ тарих пәнінің мұғалімі Д. М.Ракецкийге, Большая Малышка ОМ тарих пәнінің мұғалімі В.В.Сауковқа аудандық дебат турнирін ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғысымызды білдіреміз.
Қараулар: 916