Оқушылардың бойында ғылымға деген құштарлығын арттырып, зерттеу және эксперимент жасау арқылы зияткерлік ойлау қабілетін дамыту мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде ғылыми жобалар байқауы өткізіліп тұрады. Биыл да бұл игі дәстүр өз жалғасын тапты.
2018 жыл 16 қараша күні Бескөл орта мектеп-гимназиясында 8-11 сынып оқушылары арасында аталмыш байқаудың бірінші кезеңі өтті. Оған барлығы 41 оқушы қатысты.
Соның ішінде жеңімпаз болған 16 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.
26.11.2018
Қараулар: 1409
Қараулар: 1409