2021 жылғы 29 қыркүйекте Якорь орта мектебi базасында Педагогикалық шеберлiк орталығының директоры Тушинская Ольга Юрьевна мен Педагогикалық шеберлiк орталығының жетекшi әдiскерi Надия Кадыровнаның қатысуымен жетекшi мектептердiң аудандық семинары өттi. Семинар тақырыбы «Lesson Study педагогикалық тәсiлi жетекшi және магниттiк мектептер мұғалiмдерi арасындағы ынтымақтастықты кеңейту ресурсы ретiнде». Семинарға Қызылжар АББ әдiскерi Ережепов Тiлеуқабыл Қадырбаевич жетекшiлiк еттi. Жетекшi мектептiң басшылары Шакирова Замира Каримовна мен Шаштаулетова Алма Ергалиевна Lesson Study ұйымдастыру бойынша жұмыс жүйесiмен таныстырды. Бұл жұмыс Lesson Study жұмысын магниттiк мектептермен ұйымдастырудың алгоритмi болып табылады. ПШО өкiлдерi жүргiзiлiп жатқан жұмыстарға жоғары баға берiп, жұмыс тәжiрибесiн республикалық деңгейде таратуды ұсынды.
Қараулар: 1121