Пәндік мұғалімдерге арналған Олимпиада

2024 жылы 5 қаңтар күні «Бескөл орта мектеп-гимназия» КММ кешенінде қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің облыстық пән мұғалімдері олимпиадасының аудандық кезеңі ұйымдастырылды.

Олимпиаданың мақсаты:

- Тілдік пәндері бойынша жоғары ғылыми - пәндік білімі бар ауданның үздік педагогтерін анықтау;

- мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, мұғалімнің жеке өзін-өзі дамытуы негізінде жаңа құзыреттіліктерді қалыптастыру;

- ғылыми білімді насихаттау және педагогикалық мамандық беделінің өсуін ынталандыру.

Олимпиада екі кезеңді қамтыды: пәндік тест жұмысын орындау; ұсынылған тақырыпта ғылыми эссе жазу. Облыстық пән мұғалімдері олимпиадасының аудандық кезеңіне 180 адам қатысты.

Барлық қатысушыларға кәсіби еңбекте жемістер және табыстар тілейміз, ал жеңімпаздарға облыстық кезеңде ауданның намысын лайықты қорғауға тілектеспіз. Сәттілік!

Жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Хаттама (https://drive.google.com/drive/folders/1_jqPWPpiiVQ-Fjw324wV2DCxqeyghwqx?usp=sharing)

08.01.2024
Қараулар: 503
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет