21, 22 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы М. А. Панарина Қызылжар ауданының білім беру мекемелерінің директорлары, директорларының орынбасарлары, білім беру бөлімінің әдіскерлері үшін мемлекеттік аттестаттау мәселелері бойынша семинарлар өткізді. Спикер семинарға қатысушыларды мемлекеттік аттестаттау процесін реттейтін нормативтік құжаттармен егжей-тегжейлі таныстырды.
ҚР «Білім туралы» Заңының 59-бабының 4-1-тармағына сәйкес білім беру ұйымдары жыл сайын білім беру қызметіне өзін-өзі бағалау жүргізеді. М. А. Панарина ҚР БҒМ 2017 жылғы 2 ақпандағы 3124 «Білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерін бекіту туралы» бұйрығының 2021 жылғы 26 шілдедегі № 336 редакциясындағы негізгі қағидаттарымен таныстырды, білім беру ұйымдарына Өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар туралы айтып берді.
Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алып қана қоймай, сондай-ақ семинар материалдарын да алды.
Қараулар: 1102