«PIRLS-2021» - Халықаралықзерттеудіңбесінші циклі болып табылады.
ҰБДҚ- (Ұлттық білімдік деректер қоры) -дан жүктелген мектептердің тізіміне сүйене отырып, Канадалық статистика орталығы 11 мыңнан астам мектеп оқушылары мен 500 мұғалімнің қатысуымен 389 мектепті таңдады.
Зерттеудің мақсаты:
- Әлем елдеріндегі бастауыш сынып оқушыларының (5 сынып) мәтінді түсіну деңгейі мен сапасын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- Білім сапасы мен тиімділігін бағалау, білімге қол жеткізудің теңдігі;
- Нәтижелердің айырмашылығын түсіндіретін факторларды анықтау.
Осыған орай 2021 жылы 5-6 қазан күні 5-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары, мектеп директорлары мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған PIRLS оқу сауаттылығы және түсіну сапасы бойынша халықаралық зерттеу жүргізілді. Аталған шараға ауданымыздан «№2 Бескөл орта мектебі» КММ, «Бәйтерек орта мектебі» КММ, ЖШС «Бескөл мектеп-колледжі» қатысты. Барлық қатысқан 5 сынып оқушылары 77 қамтыды. Зерттеу жүргізілуісанитариялық қағидаларын сақтай отырып, электронды және қағаз түрінде ұйымдастырылды.
Мектеп әкімшіліктері, бастауыш мұғалімдері, ата-аналар және 5-сынып оқушылары тестілеу және анкета толтыру жұмыстарыннан сәтті өтті.
Қараулар: 1274