«Қауiпсiз орта»

2019 жылдың 16 мен 26 қыркүйегi аралығында Қызылжар ауданының бiлiм беру мекемелерiнде республикалық «Қауiпсiз бiлiм ордасы» онкүндiгiнiң аясында iс-шаралар өткiзiледi, бұл өз кезегiнде балалар, ата-аналар мен қоғамға ғимараттар мен бiлiм беру мекемелерiндегi және оның аумағындағы қауiпсiздiк ережелерiн және алғашқы көмек көрсету тәсiлдерi мен жедел қызмет телефоны туралы еске салып отыруы қажет.

Барлық мектептерде жедел қызмет телефоны, ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау Комитетiнiң сенiм телефоны (8/7172/74-25-28), СҚО бiлiм басқармасы, 150 — балалар мен жасөспiрiмдерге арналған Ұлттық сенiм телефонының көрсетiлуiмен ақпараттық стендтер жасалған. Оқушылармен жол қозғалысының қатысушыларын жол үстiнде зейiндiлiкке шақыратын флеш-мобтер ұйымдастырылды.

Жалпы мектепiшiлiк ата-аналар жиналыстары өткiзiлуде,жиналыс барысындабалалардың қауiпсiздiгi, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесi талқылануда.

«Қауiпсiздiк кемпiрқосағы» сурет байқауы мен «Қауiпсiз жол» жас қозғалыс инспекторлары байқауының өткiзлуi жоспарланды.

24.09.2019
Қараулар: 1642
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет