Қазақстанның БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялау аясында 9-20 қараша аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны басталды.
Мақсаты — Балаларға қатыгездікпен және немқұрайдылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аударту және қоғамда жалпы түсінік қалыптастыру, ол дегеніміз балаға зорлық-зомбылық жасау дұрыс еместігі, әр адамның өмірі мен әл-ауқаты оның жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан өте құнды болып табылатындығында.
Міндеттері:
- Балалардың құқықтары туралы, сондай-ақ оларды қорғау қажеттілігі туралы жұртшылықтың хабардар болуын арттыру;
- Балаларды қорғау және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметке ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды тарту;
- Балалар мен жастарды өздеріне бағдарланған бағдарламалар мен саяси шараларды әзірлеу мен іске асыру процесіне тарту;
- Барлық ұйымдар мен құрылымдардың: қоғамдық, ұлттық және халықаралық; Мемлекеттік және жеке; кәсіпкерлік және кәсіподақ; үкіметтік және үкіметтік емес құқықтарды қорғау саласындағы белсенді әріптестік ынтымақтастығы.
Ата-аналар, балалар мен жастар, мемлекеттік құрылымдардың, құқық қорғау органдарының, Балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін МЕҰ, сондай-ақ БАҚ өкілдері науқанның нысаналы тобы болып табылады.
12.11.2021
Қараулар: 1195
Қараулар: 1195