Қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қолдау айлығы аясында 22 қазан күнi Қалалық Мәдениет үйiнде ерекше бiлiм беру қажеттiлiгi бар балаларға арналған қайырымдылық күзгi балы өттi. Қызылжар ауданының 10 бiлiм беру ұйымдарынан («Якорь ОМ» КММ, «Бескөл орта мектеп-гимназиясы» КММ, «Парасат» МЛ» КММ, «Архангелька ОМ» КММ, «Боголюбово ОМ» КММ, «Чапаево НМ» КММ, «Кондратовка ОМ» КММ, «Белое ОМ» КММ, «№2 Бескөл ОМ» КММ, «Совхоз ОМ» КММ) 13 оқушысы облыстық қайырымдылық балының қатысушысы атанды.
Балдың қорытындысы бойынша «Алтын күз» балалар бастамаларының байқауында I орынды Архангелька орта мектебiнiң 9 сынып оқушысы Өмiрзақ Нұрғазы, II орынды №2 Бескөл орта мектебiнiң 5 сынып оқушысы және III орынды Якорь орта мектебiнiң 6 сынып оқушысы иелендi.
23.10.2019
Қараулар: 1709
Қараулар: 1709