Білім күні!

1 қыркүйек күнi Қызылжар ауданының 43 мектебiнде Бiлiм күнiне арналған салтанатты сап түзеу және «Мен — өз Отанымның патриотымын» тақырыбындағы сынып сағаты өткiзiлдi.

Мерекелiк атмосфера барлығында дерлiк сезiлiп тұрды: мектептiң безендiруiнде, мұғалiмдер мен оқушылардың қуанышты қарсы алуында, үлкен сынып оқушыларының достық қол алысуында. Қонақтар, мұғалiмдер, балалар мен олардың ата-аналары әдемi қиiмде және толқу үстiнде болды. Мектептерде ата-аналар үшiн «Мектеп өмiрi» атты кiтап-иллюстрация көрмесi ұйымдастырылды.

Якорь орта мектебiнде Қызылжар ауданының Әкiмi Сәдуәқасов Ж.Ғ., «Якорь СҚ» ЖШС жетекшiсi Очеретенко В.Н., «Алекри Фирма» ЖШС бас технологi Рубас В.А. болды.

Мектептiң екi оқушысына аудан әкiмiнен сыйлықтар( мектеп формасы) табысталды, мекпетке ноутбук пен 5 планшет сыйға тартылды.

Очеретенко В.Н. мектептiң спорттық құрал-жабдықтарына деп, 100000 теңге көлемiнде сертификат сыйлады.

«Мектепке жол» акциясының аясында Кондратовка ОМ мұғалiмдерi бiрiншi сынып оқушыларына арнап, мектеп құрал-жабдықтарын сатып алуға арналған қаражат жинады.

Новоникольск ОМ бiрiншi сынып оқушылары «Зенченко и К» КС жетекшiсi Зенщенко Г.Г. сыйлықтар алды:мектеп құрал-жабдықтарымен жабдықталған сөмке. Сондай-ақ Зенченко Г.Г. осы жазда Надеждинка негiзгi мектебiнiң сыныптарына 11 шкаф сыйлаған едi.

Краснояр негiзгi мектебiнiң спорт залына Қызылжар шекаралық бекеттiң басшысы Тидельбаева К. доптар сыйлады.

Кустовской негiзгi мектебiнiң 1 сынып оқушыларына «Сельская лавка» ЖК Белова В.В және Мартынова Л.Г. мектеп құрал-жабдықтарын табыстады. Шаховской ОМ «Крахмал Агро» ЖШС 15000 теңге көлемiнде сыйлықтар әперiлдi.

Сөз сөйлегендер мектеп оқушыларына жаңа табыстар мен жетiстiктер, таусылмас оптимизм және өз Отананың лайықта азаматы болуға деген талпыныс тiледi.

Мерекелiк сап түзеудiң соңында ауданның әрбiр бiрiншi сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың атынан «Менiң Отаным — Қазақстан» атты кiтаптар сыйлық ретiнде табысталды.

Барлық бiлiм мекемелерiнде «Бiз-өз Отанымыздың патриотымыз» тақырыбында бiрыңғай бiлiм сабақтары өткiзiлдi. Сынып сағаттарында Қазақстан астанасының 20 жылдығы, М. Жұмабаевтың 125 жылдығы, цифрландыру тақырыптары қозғалды.

12.09.2018
Қараулар: 1770
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет