Қызылжар ауданы педагог қызметкерлерінің Тамыз конференциясы — жаңа оқу жылына есеп беру үшін игі дәстүрге айналған іс-шара.
Осы уақыт ішінде Конференция өз кезегінде ауданның білім саласындағы инновациялар мен білім сапасын басқару кезіндегі өзекті мәселелерді талқылайтын пікір-талас алаңына айнаып үлгерді. Сонымен қатар шара барысында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында нақты көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін білімді жаңғырту жолында әдістемелік ұсыныстар даярлау және Қазақстан 2016-2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың барлық тиімді жолдары терең қаралады.
Конференцияға Қызылжар ауданынынң әкімі Ж.Ғ. Сәдуәқасов пен Білім басқармасы басшысының орынбасары К.У. Калгужина қатысты. Жанат Ғаббасұлы өз сөзінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды жандандырып, қолда бар құрылғылар мен заманауи ресурстарды пайдалана отыра ауданның білім жүйесінің сапасын арттыра түсетін басым бағыттарды атап өтті.
Сонымен қатар ол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін Қызылжар ауданының Педагогтер кеңесін құру керектігі туралы ұсыныс тастады.
Жанат Ғаббасұлы жиналған педагогтердің алдында мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі балалар кезегінің мәселесін көтерді. Аталмыш проблеманы шешу үшін Конституция күні қарсаңында Бескөл ауылында 50 орындық шағын орталық ашылатынын хабарлады.
Шара барысында ауданның бірінші басшысы ауданның педагогтерін білім саласына сіңірген еңбектері үшін грамота, Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Қараулар: 1887