Конкурстар және олимпиадалар

202320222021 жылғы мақалалар

Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңін өткізу туралы ақпарат

7,13 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың аудандық кезеңіне білім беру ұйымдарының 197 оқушысы қатысты.

Олимпиаданың мақсаты- республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау, оқушылардың интеллектісі мен ғылыми білімге деген қызығушылығын арттыру және дамыту.

Олимпиада қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өткізілді.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт Қазақстан тарихын, Қазақ тілі мен әдебиетін, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі Орыс тілін, Орыс тілі мен әдебиетін, орыс тілінде оқытатын мектептердегі Қазақ тілін, Ағылшын тілін қамтиды.

Жаратылыстану-математикалық бағыт Математика,Информатика, География, Физика, Химия және Биология пәндері бойынша жүргізілді.

Аудандық кезеңнің жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.

9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі

23 мамырда «Парасат» м-л» КММ, «№2 Бескөл ОМ» КММ екі аудандық мектептің базасында оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Конкурсқа 28 жобамен 31 оқушы қатысты, оның ішінде 3 жоба қазақ тілінде білім алушылар. 9-11 сынып оқушылары өз жобаларын 4 бағыт және 13 секция бойынша қорғады: «ғылыми — техникалық прогресс — экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», «экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Салауатты табиғи орта — «Қазақстан 2050» стратегиясын іске асырудың негізі», « Тарихи ескерткіштер және перспективалы туристік маршруттар». Әр бағытта жобаларды бағалайтын құзыретті қазылар алқасы жұмыс істеді. 4 бағыт бойынша үздік жұмыстар ғылыми жобалардың облыстық кезеңіне қатысады.

Ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінің нәтижелері осы сілтемеде берілген https://drive.google.com/drive/folders/1ol4W1ut5RMR8ZZeqLTyoI32laSLRjq0i?usp=sharing

9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі

26 қазанда аудандық мектептер базасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Байқауға 47жобамен 54 оқушы қатысты, оның ішінде 117 жоба қазақ тілінде оқытатын. 9 — 11 сынып оқушылары өз жобаларын 4 бағыт және 16 секция бойынша қорғады: «Ғылыми - техникалық прогресс — экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Салауатты табиғи орта - «Қазақстан 2050» стратегиясын іске асырудың негізі», «Тарихи ескерткіштер және перспективалы туристік маршруттар». Әр бағытта жобаларды бағалайтын құзыретті қазылар алқасы жұмыс істеді. 4 бағыт бойынша үздік жұмыстар ғылыми жобалардың облыстық кезеңіне қатысады.

Ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінің нәтижелері кестеде келтірілген.(Қосымша)

Қосымша (ZIP 33 Kb)

 

 

Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі

2022 жылғы 14 қазанда «Бескөл мектеп— Колледжі» ЖШС базасында 11— сынып оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндерінен дарынды оқушыларды анықтау, олардың одан әрі интеллектуалдық дамуы мен кәсіби бағдарлануы үшін оңтайлы жағдайлар жасау, оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы, теориялық білімі мен дағдылары тереңдетілген пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өткізілді.

Олимпиадаға ауданның 9 мектебінен 14 оқушы қатысты. Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы төрт пән бойынша тапсырмаларды орындады: математика, физика, химия және биология.

 

Мақалың шыққан күні: 08.10.2021 12:50

LANG_ARTICLE_DATE_UPDATE 15.02.2024 09:07

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет