Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының мектеп кезеңі

11 қарашада жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың мектеп кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау болып табылады. 5— 6 сынып оқушылары келесі пәндер бойынша олимпиадаға қатысты:

  1. Математика;
  2. Жаратылыстану;
  3. Қазақ тілі мен әдебиеті;
  4. Орыс тілі мен әдебиеті;
  5. Орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі;
  6. Қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі;
  7. Ағылшын тілі;
  8. Қазақстан тарихы

Мектеп кезеңіне 38 мектептің 596 оқушы, оның ішінде қазақ тілінде оқитын 122 оқушы, 5 сынып — 327 оқушы; 6 сынып — 274 оқушы қатысты,

Мектеп кезеңінің қорытындысы бойынша I орын алған мектеп оқушылары 2022 жылдың 22 қарашасында өтетін аудандық кезеңге қатысады.

 

14.11.2022
Қараулар: 489
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет