12 қарашада жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектеп кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері оқушылардың зияткерлік қызметке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, оқушылардың қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған білім алушыларды анықтау болып табылады. 5-6 сынып оқушылары олимпиадаға келесі пәндер бойынша қатысты:
- математика;
- жаратылыстану;
- қазақ тілі мен әдебиеті;
- орыс тілі мен әдебиеті;
- орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі;
- қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі;
- ағылшын тілі;
- Қазақстан тарихы
Мектеп кезеңіне 37 мектеп қатысты. 5-сынып — 243 оқушы, оның ішінде 49 — қазақ тілінде, 194 — орыс тілінде; 6-сынып — 271 оның ішінде 61 — қазақ тілінде, 271 — орыс тілінде.
Мектеп кезеңінің қорытындысы бойынша мектеп оқушылары 26 қарашада өтетін аудандық кезеңге қатысады.
Қараулар: 515