Құрметті азаматтар, бизнесмендер, кәсіпкерлер, меценаттар, мекеме басшылары!

2022 жылы «Мектепке жол» республикалық акциясы (бұдан әрі – Акция) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

Акцияның ұраны: «Шекарасыз жақсылық Мектепке жол».

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, әр баланың Мектепке жолы қуанышты болуы үшін оларға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.

Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Акция бастауын 2022 жылдың 1 тамызынан алып, 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Акцияны ұйымдастырушылар өз ауданының барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылу және өмірлік қиын жағдайдағы отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлесін қосу ұсынысымен жүгінеді.

Бүгінгі күні Қызылжар ауданының аумағында қайырымдылық көмекке мұқтаж 566 бала бар. Біздің қоғамның ең кішкентай мүшелеріне түсіністік пен қолдау қажет.

Балаларға қолдау көрсетейік!

Балаларға көмек көрсету мәселелері бойынша
Сіз Қызылжар ауданының білім бөлімінің ұйымдастыру комитетіне тел. арқылы хабарласа аласыз. 2-17-79

02.08.2022
Қараулар: 434
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет