«Зерде» республикалық ғылыми жобалар және шығармашылық жұмыстар конкурсының аудандық кезеңі

2023 жылдың 29 мамырында аудан орталығы мектептерінің базасында 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының конкурсы өткізілді. Байқаудың мақсаты - балаларда зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын дамыту және кіші мен орта жастағы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру. Негізгі міндеттер-зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру, қоғамның зияткерлік әлеуетін дамыту проблемаларына қоғамдық назарды аударту.

Жас зерттеушілер жеке және командалық құрамда 12 секцияға қатысты: Қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері, математика және қолданбалы математика, физика, ғарыш, химия және биология; тарих, өлкетану; этномәдениеттану; информатика, робототехника, техника және өнер, медицина, психология, экология; туризм және спорт. 26 білім беру ұйымынан 84 жоба ұсынылды: екі жас тобында: 2-4 сыныптар – 38 жоба, 5-7 сыныптар — 46 жоба.

Бірінші орын алған жеңімпаздар облыстық кезеңге қатысады.

Аудандық кезеңнің қорытындысы:

https://drive.google.com/drive/folders/1TfFSYGBrUgLNGgdO7JE4waT_k7vQ9d8g?usp=sharing

 

29.05.2023
Қараулар: 355
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет