Республикалық балалар оқырмандары байқауының аудандық кезеңі

2022 жылдың 23 қыркүйек күні Қызылжар ауданының білім беру ұйымдарының 3-4, 5-6, 7-8, 9-10 сыныптарының 65-астам оқушыларының арасында Қазақстандық "Рухани жаңғыру" қоғамдық даму институты бастамашылық еткен балалар оқырмандары байқауының I кезеңі «Парасат» мектеп-лицейінде өтті.

Байқаудың мақсаты: балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін тереңдетіп оқуға тарту, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, балалардың тез оқу, логикалық, сыни ойлау дағдыларын дамыту.

Байқау екі кезеңнен ұйымдастырылды.Бірінші кезеңінде оқушылар 60 сұрақтан құралған тесттерді орындап, екінші кезеңінде берілген төрт тақырып бойынша эссе жұмысын жазды.

Аудандық қорытынды бойынша ең көп ұпай жинаған төрт оқушыларымыз 2022 жылдың 5-15 қазанында өтетін II турға қатысады. Сәттілік тілейміз!

 

23.09.2022
Қараулар: 428
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет