Республикалық ғылыми — шығармашылық Мағжан оқуларының облыстық кезеңінің жеңімпаздары

2023 жылдың 26-27 мамыр аралығында Мағжан Жұмабаевтың туған жері Сарытомар ауылында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

 Мағжан оқуларының мақсаты: Мағжан шығармалары арқылы халқымыздың рухани мұрасын, ұлылар поэзиясын насихаттау, жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, мектеп оқушыларын классикалық әдебиетті оқуға ынталандыру.

 Мағжан оқуларының облыстық кезеңіндегі 42 оқушы ішінен Қызылжар ауданның намысын қорғаған үш оқушымыз өз бақтарын сынады.

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясында І – орын Бәйтерек орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мархабай Арай марапатталды және де

Мағжан Жұмабаев жоғары колледжі атынан "Жеңіске ерекше ынтасы үшін" дәстүрлі сыйлықты «Киелі Домбыра» №2 Бескөл орта мектебінің 8 сынып оқушысы Нұрым Алина иеленді. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

Жеңістеріңіз құтты болсын!


29.05.2023
Қараулар: 319
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет